Барлық кемшіліктеріңді ұмыт. Ең бастысы өзіңнің ар-ожданыңды ойла.
Басыңды салбыратпа. Жақсы көрінуді ұнататын қыздар алдына тік қарап жүреді.
Үнемі белсенді және өзіңе сенімді бол. Мүмкіндігінше жан-жағыңдағыларға көбірек жақсы көңіл-күй сыйлай біл. Оларға үнемі күндей күлімдеп жүретін әсер қалдыр.
Тыңдай біл. Өзгелердің пікірін сыйлай біл. Өзіңдікін айта берме.
Қолымда он жүзігім ал шығармай, Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай. Төрт торы, екі сала жұмбағым бар, Мұны тапқан мені алсын мал шығармай. Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі
Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек, Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек. Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс, Мал жемес, шауып алып неме керек. Сол таудың ортасында екі өзен. Астында бұлағы бар, алды кезең. Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ, Адамзат көргенің жоқ ондай өзен. Сол таудың етегінде жалғыз құдық, Беткейде асыл таспен аузын қиып, Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас, Асыл тас жібереді бәрін қиып. Адамның басы, беті, аузы, тісі
Кейбір адамдардың қалтасында қыруар қаржысы болмаса да, әрқашан айналасына қуаныш сыйлап жүреді. Өйткені олардың жан дүниелері өте бай. Олар қандай жерде болса да өз-өздерін қалай ұстау керектігін біледі. Ондай адамдарға ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Олар өздеріне сенімді әрі белгілі бір тәртіппен өмір сүреді екен. Біз бұл жазбамызда жүрегіңізді бірден жаулап алатын жарқын жандардың өмірлік ұстанымдары мен қағидаларына тоқталып өткіміз келіп отыр.
1. Олар бәріне бірдей сыйластықпен қарайды.
Оларға кіммен сөйлесіп тұрғаны емес, қалай сөйлесіп тұрғаны маңызды. Алдарында бастығы тұрса да, қарапайым қызметші тұрса да өте сыпайы сөйлесесді. Олар өздерін ешкімнен артық санамайды. Тек әңгіме барысында әдепті, тәртіпті және жылы жүзді болуы керектігін жете түсінеді.
2. Олар бос әңгімені ұнатпайды.
Он күнәнің тоғызы тілден екенін жақсы білетін шығарсыздар. Олар бұл аталы сөзге көп мән береді. Сондықтан бос сөйлеп, қадір-қасиетін қашырғанды ұнатпайды. Керісінше қызықты әңгімелерімен, ұтымды жауаптарымен.....
Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды. - Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш. - Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады. - Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр.....