Электр жүйесі | Электрлік орталықтандыру

Кіріспе
Техникалық қызмет ету – автоматика және телемеханика құрылғыларын тасымалдау, сақтау кезіндегі аталуы мен жұмыс істеу қабілеттілігінің басты кешені болып табылады. Техникалық қызмет ету жөніндегі жұмыс түрлері: тексеру, сипаттамаларды өлшеу, реттеу, тазалау, бояу, ескірген заттарды ауыстыру, қайта қалпына келтіру болып табылады. Автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуін аға электромеханиктер, электромеханиктер, электромонтёрлар атқарады.
Құрылғыларды жөндеу және қызмет көрсету ретін сигнал беру және байланыс дистанциясының бастығы орнатады.
Аға электормеханиктің міндеті – автоматика және телемеханика құрылғыларын жөндеу және сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету болып табылады. Қызмет ету құрылғыларының күйін білу, техникалық қызмет көрсетуін жоспарлық-графиктік бекітілуі бойынша құрылғыларды жүйелі түрде тексеру, құрылғылар жұмысының сенімділігін арттыру, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Электромеханиктің міндеті – құрылғыларды жөндеу, монтаждау, өлшеу және реттеу, қасындағы жұмысшыларды техникалық қызмет көрсетуге үйрету қызметін қамтамасыз етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Электр жүйесі | Электр тізбектеріндегі резонанс

Кіріспе
Электр энергиясын қолдану бізге барлық іс-әрекеттерді жақсартуға өнеркәсіпке жаңа автоматтандырылған технологиялық процесстер енгізіп жаңа мүмкіншіліктерді берді. Ауыл шаруашылығында жаңа қажеттіліктерде құрылған технологиялар нақты өнім түрін жылдам және жеңіл түрде тудыратын болды. Электр энериясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты себебінің бірі – электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық , жылу , химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы.
“ Электротехниканың теориялық негіздері ” курсының пәні деп, тізбектер мен өрістердегі өтетін электромагниттік процестерді сандық және сапалық жағынан оқып үйренуді айтады. Физика және жоғары математика курстарына негізделген бұл курс , осы заманғы электротехникалық құрылымдардың әртүрлі кең кластарына қолданылатын инженерлік есптеулер және талдау әдістеріне толы болады. Сонымен қатар ЭТН өндіріске қажетті болашақ мамндардың электротехника мен радиотехникадан ғылыми көзқарастарының қалыптасып жетілуінде аса маңызды рөл атқарады және бұл курсқа арнай электротехникалық және радиотехникалық пәндер негізделеді.
ЭТН курсында электрлік және магниттік құбылыстарды екі тәсілмен сипаттап жазу қолданады. Оның бірі тізбектер теориясы, ал екіншісі өріс теориясы. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Электр жүйесі | Электр тізбектер теориясы

Кіріспе
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Осы курстың негізгі бір міндеті, ол құбылыстарды токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағындары т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай – ақ тағы бір атқаратын міндеті, ол әрбір құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, қуат ағындары, т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналған.
Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде, көптеген жаңалықтарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдарының қосқан үлесі аз емес. Олар шет елдердің көрнекті ғалымдарымен бірлесе отырып электр техникасының маңызды салаларының бастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастағандардың бірі – М.В.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын құрды.
Электр және магнит тізбектерін шешудегі теориялық мәселелері мен қатар практикалық электр техникасында электр магниттік өрістерді есептеу жайындағы мәселелері де алдыға қойды. Электр машинасының тетіктерін және электр магниттік аппараттарды құрастыру үшін магнит өрістерін есептеу қажет болды. Ток өткізгіштерін тұрғылықты түрде изоляциялау үшін оқшаулаушы материалдарды табу керек болды және электр өрісін есептеу мақсаты да алдыға қойылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Электр жүйесі | Электр жүйесімен қамтамасыздандыратын екінші ретті электрқоректендіру көздері

КІРІСПЕ
Екінші реттік электр қоректендіру көздері (ЕЭҚК) бұл бірінші реттік қоректендіру көзінің энергиясын ЭК-і мен жүйелердің параметрлерінің сәйкес келетін жиілік мәнді, деңгейлік және тұрақты электр энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Бірінші реттік ЭҚК-і ретінде ЭК және әдетте айнымалы токтың өндірістік желісін немесе айнымалы автономдық көздерін (генераторлар), әйтпесе тұрақты (аккумуляторлар, химиялық батареялар және т. б.) токтарды пайдаланады.
Әртүрлі ЭК мен жүйелерді қоретендіру үшін қолданылатын бұл көздер өте шектеулі екендігін практика көрсетеді. Оның себебі, қазіргі кездегі ЭК-і өзінің тұрақты кернеуін төменгі деңгейде ( 5... 15) қоректенуін талап ететін интегралдық сұлбаларды (ИС) пайдаланумен орындалады. Сонымен қатар, бұл кернеудің ауытқуы берілген мәннен (5...10%) аспауы қажет. Қажеттілік қатарында, мысал ретінде прецизиондық аналогтық құрылғыларды немесе аналогты-цифрлық және цифрлы-аналогтық түрлендіргіштерді қоректендіру кезінде кернеудің қоректену тұрақтылығы жоғары болуға тиіс (0,1...0,01%).
1. Екінші ретті электр қоректендіру көздері
Бірінші ретті ЭҚК-нің практикасында қолданылған нақты параметрлер, төменгі талаптардың шартын орындайды: өндірістік желінің және тұтынушылардың кернеу жиілігі сәйкес келмесе онда өндірістік желі айнымалы кернеуді 50 Гц деңгейімен қалыптастырады, ол кезде ЭК-тері негізінен тұрақты токтың, яғни нөлге тең кернеу жиілігі кезіндегі токтың кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің- қалдықтарын залалсыздандыратын жүйе құрастыру

Кіріспе
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология Кодексі қабылдануға тиіс. Түтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттармен жасауға тиіспіз.
Қоршаған ортаны қорғау XXI ғасыр басында ең негізгі проблеммаға айналды. Қазіргі кездегі өндіріс орны өзінің түп негізінде адаммен табиғат технологиялық байланыс бар екендігін көрсетеді. Соңғы кезге дейін адам баласы табиғат ресурстарын (жер, су, ауа т.б) таусылмайтын, тегін деп түсініп келді. Осы дай көз-қарас салдарынан табиғат ресурстары азайып, қоршаған орта ластануда, табиғи экологиялық тепе-теңдік бүзылды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға іс-шаралар, әртүрлі табиғат қорғау заңдылықтары пайдаланып, гшешімдер қабылдануда. Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды заттарды азайту және соңынан оны мүлдем тоқтату қазіргі жаңа технологиялар мен процестерді ойнап табушыларға біраз шектеулер қоюда. Мүндай шектеулерді өндіріс қойылатын талап деп көрсетуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Экономикалық саясаттың қазіргі жай-күйін талдау

Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштері өте жоғары болып жалғасуда. Қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура аясында экономиканыпарасатпенбасқару айтарлықтай табысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұнайға деген әлемдік жоғары бағалар және Қазақстан Республикасында мұнай өндірудің ұлғаюы мұнай секторы кірістерінің күрт өсуіне әкелді, бұлардың бір бөлігі әлеуметтік саланың кезек күттірмес қажеттіліктеріне және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталды. Нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі тез жоғарылады. 2000 ж. бергі кезең ішінде ЖІӨ жан басына шаққанда доллармен көрсетілуінде үш еседен астам өсті; ағымдағы жылы экономика осыдан алты жыл бұрынғысынан екі есе дерлік үлкен болады. Бұл ретте мұнай секторының үстеме кірістерінің едәуір бөлігі қазіргі кезде активтері 12 млрд (ЖІӨ-нің 17 пайызы) болып отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (ҚРҰҚ) бағытталды. Мұнай және мұнай емес секторлар кірістерінің динамикалытүрде түсуі бұрынғысынша айтарлықтай профицит байқалып отырған бюджеттің нығаюына көмегін тигізді. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің көрсеткіштері де жоғары болып отыр; ағымдағы жылы Ұлттық банктің резервтері 12 млрд. жетіп, екі есе дерлік өсті (бұл тауарлар мен қызмет көрсету импортының 6 ай кезеңіндегі көлеміне сәйкес келеді).....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Экологиялық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі

Кіріспе
Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар бо¬лып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.
Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау — табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бизнес | Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту

Кіріспе
Экономикалық өзгерістер процесі бүкіл басқару қызметін реформалаудан басталады. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланудың қажеттілігі туындап отыр.
“Қоғамды ақпараттандыру ” дәуіріне қадам басқан кезде ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөнінде негізгі түсініктерді қарастыру міндетін атқаратын ақпараттық менеджментті айналып өтуге болмайды.
Қазіргі жетекші ұйымның бөлімдерімен (оның ішкі өзгерістері) ұйыммен және оның сыртқы ортасы ( сыртқы өзгерістері) аралығындағы өзара байланысты үнемі талдай білуі тиіс. Ол өзі қабылдаған кез келген шешімнің қандай да бір себеппен ұйымның барлық аспектілеріне әсер ететінін ұмытпауы тиіс. Сөйтіп фирманың алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктерді ескере отырып бірегей жүйе ретінде айқындауы қажет.Курстық жұмыстың мазмұны шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуін қарастыру болып табылады......
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Кіріспе
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. табалдырығында «адам капиталының» рөлі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16% –ы, табиғи қорларға -20% – ы, «адам капиталына» 64% -ы тигенін есептеп шығарды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.
Роулз критирийіне сәйкес қоғамның жалпы әл-ауқаты оның ең кедей тұрмысты жіктерінің әл-ауқат деңгейімен анықталады. Алайда, үнемелі теңдікке бағытталған саясат, өте қымбат қоғам игілігі ретінде (немесе тиімділіктен айырылу ретінде) қаралуы мүмкін, оңай игілікті тек дәулетті қоғам ғана пайдалана алады. Бұл арада орынды жеткіліктілік қағидасын сақтау ерекше маңызды.....
Курстық жұмыстар
Толық