Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

— О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

— Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

— Егер, – дейді жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді.......
Ертегілер
Толық

Алтын мүйізді киік

Ертеде Бұлдырмерген деген атақты аңшы болыпты. Өзі мерген, қарулы, ақылды, ер жүрек адам екен.
Бір күні ол аңға шығады. Орманды, тауды аралайды. Шаршаған соң бір ағаштың көлеңкесіне келіп демалады.
Бұлдырмерген қарсы алдында ағып жатқан бұлаққа қарап отырады. Сөйтсе байқамапты, бұлақтың арғы жағасында, үлкен жартастың түбінде бір киік жайылып жүр екен. Шаңырақтай екі мүйізі күнге шағылысып, жарқырайды. Тіпті көз қаратпайды. Бұлдырмерген өз көзіне өзі сенбей, таңдана қарайды. Шын киік. Екі мүйізі қарағайдай, жарқыраған алтын екен.......
Ертегілер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Мен қалай үйлендім

Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.

— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.

Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.

Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.

Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:

— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді. .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Мен қалай үйлендім

Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.

— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.

Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.

Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.

Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:

— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді.

Әлгіге рақмет айттым да, шұбырып кетіп бара жатқан он шақты адамның соңынан ілесіп жөнелдім. Жолдын батпағы ми болып жатыр. Галошсыз ботинкамның мықтап сорлайтынын сезсем де, істерге амалым жоқ. Өзі оншалық жаңа да ботинка емес еді. Әуелі қорқыңқырап басып, амалдап көрмек болдым. Бірақ бұдан ештеңе шығатын емес. Одан соң не болса да болды ғой деген оймен батылдана адымдап жүріп кеттім.

Бір кезде алдымда кетіп бара жатқан жұрт иіріліп, бөгеліп қалды. Сөйтсем әлгі арада ені екі метр шамасы, жағасы түйетайлы арық бар екен. Көпір ештеңесі жоқ. Жұрт амалдап секіріп жатыр. Қарттау бір адам арықтың ішіне тайып жығылып, үсті басын оңдырмай былғап алады......
Әңгімелер
Толық

Ит пен мысық адамға қалай үйренді?

Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды да үнемдеп, шетінен базарға алып барып сатып, шай-тұзын арылтады екен.
Бір күні шал қамбадағы астығынан алып, базарға апарып сатпақ болады. Қамбаның есігін ашып қалса, тышқандардың өріп жүргенін көреді. Бірде-бір дәні бүтін астық қалмапты. Тышқандар жегенін жеп, жемегенін ортасынан қақ бөліп, шаша беріпті. Мұның зардабынан кемпір мен шал қайғырыпты:
– Осы астықпен күн көруші едік, енді қайтеміз? – деп зар еңірепті.......
Ертегілер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Үйшінің әңгімесі


— Оған міне елу жыл болып барады,— деп бастады Тоқсанбай қарт әңгімесін.— Кедейліктің кесірі не істеткізбеуші еді. Үй жонатын өнерім болатын. Содан төмен үй жасауға Ілеге түскен кезім бар-ды.

Осы Алатаудың бауырынан он түйемен төрт-бес кісі үй жонуға аттандық. Қоңыр күз болып, ағаштың жапырағы түсе бастаған кез. Алатау маңында қазақ үй жонуға қолайлы ешкітал өспейді. Мұндай тал осыдан үш-төрт жүз километр жердегі Топардың Ілеге құйған жерінде. Онда сыңсыған орман, қорыс. Біздің мақсатымыз осы көп ағаштың кеніне кіріп, он шақты күннің ішінде он үй жонып алып қайтпақпыз. Онда қазақ үйдің сүйегі бір қара тұратын. Ал бес кедейге он түйені жалға берген байға сегіз қанат екі үйдің сүйегін тегін жонып жеткізіп беруге міндеттіміз. Амал нешік көлігіміздің жоқтығынан екі атан түйеміз байға босқа кетеді.

Арада далаға екі күн түнеген соң жердің түрі өзгере бастады. Ит шайнаған орамалдай қалың қоңыр қырқа біртіндеп азайып барып жоқ болды. Енді бірыңғай боз жусан өскен жазық дала. Елсіз далада жаз күнінде шырылдап тыным таппайтын бозторғайлар мүлде жоқ, күз түсуімен олар түстік жаққа ауысып кетсе керек. Қыс келетінін уәйімдеп аспанда көз жетер-жетпесте ұзын мойын тырналар тырулап қайтып барады. Алыстағы төңкеріліп жазылып ұшқан тырналарды көріп бала күнімізде айтатын «арқан тарт, кілем жап, ақсақ қызға сәлем айт» дейтін өлең есіме түсті. Қоңыр күздің мизам ұшқан бозша даласында анда-санда дала құсы — бұлдырық көрінеді. Басқа күс та, аң да көзге түсе қоймайды. .....
Әңгімелер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Түймебай тәуіп


(этнографиялық әңгіме)

Әбітай төсекте сұлық жатады. Бұл бір тыншыған кезі. әйтпесе ояу болса, екі жағынан екі кісі қолын басып отырады. Босанса тұра қашады. Ондай жағдайда жолында не тұрса да қаймықпайды, соғып өтеді. Бірде жанында отырған әйелдердің шамасы келмей қалып, тұра қашып, ұста дүкенінің алдында жатқан, арбаның шенін тартатын диірмен тасты сүзіп жатқанда ұстап алдық. Ол кезде кіресілі-шығасылы есі бар болатын. Есі бір кіріп кеткенде, мені құшақтап «Балбақ, мен қор болдым-ау», — деп жылап жібергенде сай-сүйегім сырқырады. He дейін, «Әлі-ақ жазылып кетесің». — деп жұбатқан болдым.

Әйелдер демекші, ұлы Отан соғысы жүріп жатқан қырық төртінші жылдың қысында оның жанына отырғызатын еркек табылмайды. Күші күн асқан сайын тебіндеп-кернеп келе жатқан он алты жасар жас жігітке әйелдердің әлі жетуі қиын. Әйелдерді отырғызғандағы амалымыздың аяғы жоғарыдағы, екі әйелді екі сілкіп, қашып кетеді. .....
Әңгімелер
Толық

Сүйінбай мен Қатаған айтысы


1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Әңгімелер
Толық

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп .Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша.......
Баяндамалар
Толық

Түйме қыз

Ертеде бір перзент көрмеген әйел болды. Балам болса деген ой жатса-тұрса көкейінен шықпады. Бірақ жоқ баланы қайдан алады. Күндердің күнінде әлгі әйел өзі сиқыршы, балгер кемпірге келіп:

– Менің жатсам да, тұрсам да ойлайтыным бір перзент болды. Оны қайдан табуға болады, сен соны айтып берші, – деді.

– Несі бар, айтсам айтайын! – дейді сиқыршы кемпір. – Мә, мынау арпаның дәні, бұл жай дән емес. Диқан жерге сеуіп немесе тауығына беретін арпа деме; мұны гүл өсіретін құмыраға отырғыз, сосын не болатынын өзің-ақ көресің! Әйел сиқыршы кемпірге «рақметін» жаудырып, он екі скиллинг берді де, үйіне келіп, арпаның дәнін гүл егетін құмыраға екті. Сол сол-ақ екен, әлгі дәннен қызғалдаққа ұқсас ғажап гүл өсіп шыға келді.......
Ертегілер
Толық