Информатика | Абонемент тақырыбы деретер қорымен құру

МББЖ – дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған қатынасты бақылай алады.

Аппараттық қамтама. МББЖ мен жұмыс істеу үшін кейбір аппараттық қамтама керек. Ол өте кең шектрде вариациялана алады – дара дербес компьютерден және көп компьютерлерден тұратын желілерге дейін. Қолданылып жатқан аппараттық қамтама қолданылып жатқан МББЖ-ға және организацияның талаптарына тәуелді. Кейбір МББЖ-лер тек қана нақты аппараттық қамтамаға немесе құралға орналған, ал басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалармен және ОЖ-мен жұмыс істей алады. МББЖ мен жұмыс істеу үшін әдетте минимум оперативтік және дискілік жады жеткілікті болады (бірақ ол жүйенің керекті өнімділігіне жеткізе алмайды).
Бағдарламалық қамтама. Бұл компонент МББЖ-ң өзінің бағдарламалық қамтамасын және қолданбалы программаларды қамтиды. Әдетте қосымшалар С, COBOL, Fortran, Ada немесе Pascal деген сияқты үшінші буынды тілдерде немесе SQL сияқты 4-ші буынды тілдерде құрылады. Дегенмен, МББЖ өзі 4-ші буынды құрал-саймандарға ие бола алады. Олардың арқасында ол өзі қосымшаларды тез жасай алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автобекет автобустарының жүру кестесіне мәліметтер базасын құру

Өндірістік қызметте қазіргі заманның маманы негізгі және нәтижелі шешімдерді ала білу үшін, экономика мен саясатты басқара алу үшін, компьтерлер арқылы және байланыс құралдры арқылы деректерді қабылдап, жинастырып, сақтап және оны өңдеп, нәтижесін көрнекті құжаттар түрінде ұсына білуі қажет.
Деректердің электрондық сақтаушысын мәліметтер базасы деп атайды. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлердің көмегімен іске асырыладыды. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Деректер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Мәліметтер базасындағы ақпарат қайшылықсыз, артықсыз және тұтас болуы керек. Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) өзінен тілдік және программалық құралдар жиынтығын ұсынады, олар деректер базасын құруға және онымен жұмыс істеуге арналған. МББЖ қолданылуына байланысты оны дербес және көп қолданбалы етіп екіге бөлеміз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Администратор қызметіне мәліметтер базасын құру

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу

Қазіргі кезеннің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелінетін “ақпараттық экономикаға” ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика парламентінің “Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын ” қабылданғанын жатқызуға болады.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрі себеп болады. Мысалы, біз ақпараттық жүйе ұғымын былай айта аламыз: Ақпарат- латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай – күйі немесе біреудің іс- әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпарат жүйесі (АЖ)- қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әр бір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпаратты кеңістікке бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Анимация құру

Компьютер эрасының басында программистер есептеу машинасының құлы болған етін.
Сол кездердегі программа құрушылар өздерінің командаларын тек қана бір тілде жазуға мәжбүр болды, яғни тек қана екілік код түрінде жазды, сонымен программистер нөл мен бірліктің ізбасары ретінде көрінді. Уақыт өте келе алгоритмдерде күрделіне түсті, сонымен бірге программалауға көп көңіл бөлу қажет болды. Осылайша көптеген қиындықтарды бастан кешіре келе өмірге Фортран, Бейсик, Паскаль сияқты өте әйгілі, жоғарғы сатылы тілдер пайда болды.
ХХІ – ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады.
Қазіргі ақпарат заманында информация ағымын компьютер информацияны жеделдетіп өңдеудің негізгі құралы болып табылады. Инженерлік – техникалық, экономикалық есептерді шешу және мәліметтерді компьютер арқылы автоматтандырып өңдеу мықты программаларды талап етеді.
Психологтар адамның бір мезгілде ондаған бірліктің аумағымен бірдей ақпататты қабылдай алатынын бұрыннан көрсеткен. Сөйтіп, программалық қамтамассыз етуді дайындағанда программиске көрінетін компоненттерінің санын кішірейтуге талап қойылады. Адамзат бірнеше өте тиімді декомпозиция жолдарын, яғни үлкен есептерді шағын есептерге бөлуді ойлап шығарған . Модульдік тәсіл көптен бері қолданып келеді, онда үлкен программалар бөлек дербес модульдерге бөлінеді. Программалар көптен бері «Жоғарыдан төмен » және құрылымдық декомпозицияны қолдану арқылы жасалынады. Осы тәсілге негізделген әдістердің ортақ сипаты болады: олардың ішінде деректер және оларды өңдейтін код бір – бірінен бөлек тұрады.
70-80 жылдары Норвегияның қарулы күштерінде қолданылған Sumila тілі класс түсінігінде құрылған өте алғашқы тіл болып табылды.
Шамамен сол жылдары жаңа программалау тілдерінің стандарты болып бекітілген, үлкен қуатты иеленетін, эффективті және бейімді атағына ие болған С тілі пайда болды. Бұл тіл ең жоғарғы сатыдағы және компьютерде жұмыс істеуге өте тиімді тіл болып табылды. Мысалы: мәліметтермен алмасуды іске асыратын, және тағы басқа. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Бетпақ Дала үстіртінің қазіргі бедер құрушы процестері

Жұмыстың мақсаты – Бетпақ-Дала үстіртінің қазіргі жер бедерін құрушы процестерін қарастыру.
Бетпақ-Дала үстірті Сарысу және Шу өзенінің суайырығында жатыр. Үстірттің солтүстігі Қазақтың ұсақ шоқысымен шектеседі. Батысында Сарысу өзені аңғарымен, ал оңтүстігінде Шу өзенінің ендік ағысымен, шығысында батыс Балхаш алды қыраты қыратымен шектеседі.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы, физикалық-географиялық орны мен жер бедері, тектоникалық құрылымы, климаты, ішкі сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы қарастырылған.
Екінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің геоморфологиялық құрылымы оның ішінде жер бедері типтері мен жер бедері пішіндері қарастырылған. Яғни жер бедері типтері алуан түрлілігімен сипатталады. Бедер типі құрылымды-денудациялық-қабатты әлсіз тілімденген еңісті жазық, эрозионды-денудациялық-делювиальды-пролювиальды әлсіз тілімденген еңісті жазық, аккумлятивті-әлсіз тілімденген аллювиальды жазық, эолды дөңесті жазық. Бедер пішіндерінен үгілу қабығымен белгіленген пенеплендер, жоғарғы бордың малтатастарымен белгіленген пенеплендер, үгілу қабығымен шайылған пенеплендер, төбелі таулы және ұсақ шоқылы қыраттар, аңғарлар тағы басқалар сипатталған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ТҰРМЫС ҚҰРУДЫҢ ОН ПАЙДАСЫ

1. Тұрмыс құрған кісі Алланың бұйрығына бойұсынған болады;
2. Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне ерген болады;
3. Тән құмарлығын адал жолмен қанағаттандырып, көзін арамға салмайтын болады;
4. Әйел кісілер ұятты жерлерін қорғап, ар-намысын аяқ асты етпейді;
5. Қоғамда азғындық, арсыздық, нәпсіқұмарлықты таратпайтын болады;
6. Қияметте Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) қуанатындай ұрпақ көбейтеді;
7. Адал жарымен бірге жатып, сауапқа кенеледі;
8. Мұсылмандықты жұртқа үлгі ететін перзенттердің туылуына себеп болады;
9. Адал перзенттері жұмақтың қақпасына тұрып алып, оған алдымен ата-анасын, содан соң өздерін кіргізуін сұрайтын болады. Сонда Алла Тағала оларға: «Ата-аналарың да, өздерің де жұмаққа кіріңдер!» дейді;
10. Үйленген, тұрмыс құрған адам жүрегіне демеу, көңіліне тұрақ табады.......
Кеңестер
Толық