Экономика | ҚР ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы

Соңғы жылдары Қазақстанда жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік жұмысы кең даму алды.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың дамуына ықпал етеді, яғни ол бүкіл қоғамның дамуына әсерін тигізеді. Шет елдер кәсіпкерлік жұмыстың арқасында, ал кәсіпкерлер өздерінің мемлекеттің қолдауының арқасында дамып отыр.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.
Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.
Нарықтық экономиканың дамуы кәсіпкерліктің құрылуымен кәсіпкерге тәрбие берумен қадағалайды. Қазақстан өтетін экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты.
Кәсіпкерліктің жақсы дамуы жеке мүлікпен экономикалық қызмет еркін болғанда кең даму алады. Қазір Қазақстан кәсіпкерлік қызметсіз іске аспайтын нарықтық қатынастың құрылу стадиясында болып тұр – және осы аксиома менің таңдалған тақырыбымның актуалдылығы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы

Тіс жегісі – бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90 - 95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын байқауға болады. Біздің мектепте де бұл ауру оқушылар арасында кең таралған (қосымша 1). Осы құбылыстың кең таралуының негізгі себебі неде деген сұраққа жауап іздеп, әдеби кітаптардан, әлеуметтік желіден мәліметтер қарағанда тістің бұзылуынан сақтауда сілекей құрамының ерекше әсері бар екендігі жазылған. Бірақ мәліметтер келтірілгенмен, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан тіс жегісінен сақтаудағы сілекей құрамының маңызына көз жеткізу үшін осы ғылыми жобаны алып отырмын.
1. 2 Жұмыс мақсаты
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызына байланысты зерттеу жүргізу.
1. 3 Жұмыс міндеттері
1. Сілекей құрамын, құрылысын, қасиетін және қызметін қарастыру.
2. Сілекейдің буферлік ерітінді екендігін басқа буферлік ерітінділермен салыстырып отырып анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Қан құрамы және қандағы қант мөлшері

Қан құрамында қанттың болуы – адам денсаулығының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қандағы қанттың деңгейі аз немесе көп болуы инсулин қосылымдары – гармон арқылы анықталады. Өйткені бұл асқазан асты бездерінің жасушалары арқылы пайда болады да, адам ағасындағы жасушалар арқылы қантты одан әрі игеруге әрекет ете бастайды. Осыған байланысты қант диабеті – адам ағзасында қанттың көп болуынан қалыптасатын ауру. Қандағы қанттың артуынан тамырдың қабырғалары мен жүйке түйіспелері зардап шегеді, себебі оларға енген глюкоза ұлпаларға зиян келтіретін затқа айналады. Нәтижесінде азғаның қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзгерістер пайда болады. Ал ағзада жіңішке тамырлар мен жүйке түйіспелері бар екені белгілі. Қан тасымалдайтын жіңішке тамырлар торабы көз торлары мен бүйректе анағұрлым дамыған, ал жүйке түйіспелері ағзаның өн бойында кездеседі (әсіресе жүрек пен мида), бірақ олар аяқта көп болады, ал дененің дәл осы бөлігі диабеттік асқынуларға бейім болып тұрады. Ең алдымен көз, бүйрек, аяқ зардап шегеді. Қандағы қанттың деңгейі аш қарында 120 мг. Пайыздан артық болуы адамдағы қант диабетінің дамуының бар екендігін көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектерін анықтау әдістемесін даярлау

Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Айта кетерлік қазіргі уақытқа дейін бұл жайында ғалымдардың зерттеулері аз емес, дегенмен хромотографиялық әдіс топырақтың құрамындағы барлық компоненттерді анықтайтын ең нақты әдістердің бірі, ал бұл әдіс жаңа әдістердің бірі болып табылады.
Топырақ құрылысының бүлінуі және де құрамының бүліну себептері мұнай көмірсутектерінің топыраққа көп мөлшерде түсуімен тікелей байланысты. Ал мұнай көмірсутектерінің топыраққа түсу себептерінің маңыздыларын қарастыра кетсек:
1) Мұнайдың шығарылуы және оның тасымалдануының өсуі;
2) Мұнай өнімдерінің апаттық және жасырын төгілуі;
3) Бұрғылау арқылы мұнайды алған кезде топырақ құрылысының бүлінуі т. б.;
Мұнай көмірсутектерін топырақтың құрамынан анықтау қазіргі таңда алға қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі. Мұнай көмірсутектерін топырақтан анықтау қиын процесс, яғни топырақтың құрамын зерттеу өте қиын процесс екендігін ескермегенде оның құрамына түсетін мұнай көмірсутектері әр түрлі қосылыстан құралған күрделі құрамды әрі күрделі құрылысты болып келетіндігі зерттеу процессін айтарлықтай қиындатады. Сол қиындықтарға қарамастан күрделі кешенді анализдер және қазіргі заманғы жетістіктер топырақтың құрылысын, құрамын тегістей дерлік зерттеуге мүмкіндік береді......
Ғылыми жобалар
Толық

Химия | Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Тақырыбы: Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам асмәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көп теген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың .....
Ғылыми жобалар
Толық

Қазақ тілі | Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту

Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу.
Зерттеудің міндеттері:
1) Әдебиеттерге шолу.
2) Бақылау эксперименті арқылы 5,7,9 сынып оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша жіберген қателерінің түрлерін анықтау.
3) Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу.
Зерттеу пәні қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептегі түзету-дамытушылық оқыту үрдісі.
Зерттеу әдістемесі:
1) Көмекші мектеп 5,7, сынып оқушыларының құжаттарымен танысу.
2) 5,7,9 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу.
3) 5,7 сынып оқушыларының эр түрлі жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін талдау.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Дүние жүзiнiң тiлдiк құрамы Тiлдердiң этникалық классификациясы

Дүние жүзi халықтары тiлiнiң жалпы санын лингвистер 4-5 мың деп анықтады. Дүние жүзi кең байтақ региондарының кейбiреулерiнiң (оңтүстiк Америка, Австралия, Жаңа Гвинея т.б.) аз зерттелуiне және әр түрлi тiлдер аралығындағы айырмашылықтар мен бiр тiлдiң диалектiлiгiнiң әртүрлiлiгiне байланысты толық зерттелмеген .Әр халық бiр тiлде сөйлейдi, кейде тiл iшiндегi диалектi-айырмашылығы үлкен болып, халықтың әр топтарының аралығындағы сөйлесу әдеби тiлдi бiлмегендер үшiн мүмкiн емес. Бiрақ мұндай кезде екi тiл-билингвизм-кең таралады. Мысалы, францияның шығысында тұратын-эльзастар екi тiлдi (немiс және француз тiлi), Бельгия мен Швейцария сияқты көп ұлтты мемлекеттер халқының көп бөлiгi-екi тiлдi және үш тiлдi. Екi тiлдiң қосарланып жүруi – көп ұлтты мемлекеттердегi жиi жағдай, мұнда – ұлттық аздықтардағы халықтар - өздерiнiң ана тiлiнен басқа саны жағынан көп және басшылық ететiн ұлттық тiлiн пайдаланады. Екi тiлдi тұрғындар – жас мемлекеттерде –Азия және Африка елдерiнде қалыптасады. Мұнда жергiлiктi тiлмен қоса ресми-мемлекеттiк тiлдер кең өрiс алады. Мысалы, Үндiстанда-хинди, Пакистанда-урду, Индонезияда-бахаса инденисиа немеесе индонезиялық, Филиппинде пилипино немесе тагалог, ал Африканың кей елдерiнде –ағылшын және француз тiлдерi.
Кей жағдайда – бiрнеше халық бiр тiлде сөйлейдi. Мысалы, ағылшын тiлiнде және оның жергiлiктi нұсқауларында ағылшындықтар, ағылшын австралиялықтар, ағылшын жаңа зеландықтар, ағылшын канадалықтар, АқШ американдықтарды, Кариб бассейнi елдерiнiң көп халықтары және тағы басқа этностар. Испан тiлi – испандықтар үшiн ғана ана тiл емес, сонымен қатар Латын Америка халықтарының көп бөлiгi үшiн ана тiлi болып табылады.
Бiр әдеби тiлдi немiстер, австралиялықтар, герман-швейцариялықтар және тағы басқа халықтар пайдаланады. Жеке тiлде сөйлейтiндер саны мен ана тiлiнде сөйлейтiндер саны бiрдей емес. Әсiресе бұл жағдайдың –ұлтаралық және халықаралық қарым-қатынас үшiн пайдаланатын тiлдерге қатысы бар. Дүние жүзiнiң ең көп таралған тiлдерiне (1087 ж ортасында млн. адам )-қытай тiлi(1085), ағылшын (425), хинди және оған жақын урду (320), испан(290), орыс (220), бенгаль индонезиялық және араб (170 әрқайсысы), португал(150), жапон(120), немiс және француз(95 әрқайсысы). Бұл аталған 13 тiлде-бүкiл адамзаттың 243 бөләгә сөйлейдi. Олардың 6(ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай)-ООН ресми және жұмысшы тiлдерi болып саналады. Ресми немесе мемлекеттiк тiлдердiң өсiп келе жатқан маңызын айта кету керек. Өткенде отарланған елдер статусындағы елдер бұрынғы метрополиялардың ресми тiлдi қабылдады. Мысалы, Африканың 55 елiнiң 21 елiнде ресми тiл –француз (сонымен қатар ағылшын және бiр жергiлiктi тiл), 19 елде – ағылшын (9-басқа тiлмен қоса), 5 елде – португал тiлi. Осындай жағдайда – креольдi тiлдердiң таралуы сипат алады. Олар африкандықтардың, үндiстердiң, Азия және океания мемлекеттерiнiң тұрғындарының – Европалық отаршылдарымен қарым-қатынаста европалық тiлдердiң толық меңгермеуi негiзiнде таралған. Ең көп таралған мынадай креольдық тiлдер –португалдық тiлдер негiздегi –Африканың атлантикалық жағалауындағы абовердиялық және сантомийлiк тiл; испан және португал негiздегi – Кюросао мен Венесуэлламаңындағы аруба аралындағы папьяменто тiлi; француз тiлi негiдегi – Ганти халқының, мартиники Гваделуга, Доминика Республикасы халқының бiр бөлiгi, Тринидада Маврикия, Француздық Гвиана тұрғындары ағылшын тiлi негiздегi – Гайана, Ямайка, Барбадос, Багам аралдары, Суринама, тринидао тұрғындарының бөлiгi крио тiлi – Сьерра-Леонда және тағы басқа елдердегi тiлдер. Меланезия мен ағылшын тiлi негiзiнде пайда болған –токи-писин тiлiн (меланезиялық пиджин, неомеланизия тiлi), креольдық тiл деп санауға болады. Олар Папуа-Жаңа Гвинея кң таралған (1,5 млн ада....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда сөз құрамын меңгерудің тиімді жолдары,

КІРІСПЕ
Тіл – тілдің қай –қайсысының болса да өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік жағы, екіншісі-тілдің грамматикалық жағы. Тілдің осы екі жағының бірлігінен барып біртұтас тіл құралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл ғылымының бұл екі саласы да: лексикология да, грамматика да- өздерінің тексеру негізі етіп сөзді алады, демек, тексеруді сөзден бастайды.
А.Ысқақов сөзге мынадай анықтама береді: Сөз дегеніміз қыры-сыры мол күрделі тілдік категория».
Әдетте, тілі жаңа ғана шығып келе жатқан сәби де тіл үйренуді жеке –жеке сөзден бастайды: екі адам арасындағы қатынас та сөзден басталады. Бұл айтылған№дардан да, қазақтың «Сөз сөзден туады, сөйлемесе, неден туады» дейтін мәтелінен көреміз. Тілдің таяншы сөз екенін осыдан білеміз.
Сөздің өзі идеяға айналған саналы зат. Сөз – адам баласының барлық қоғамдық тіршілігінің сәулесі, көрінісі, дерегі. (Г. Лафарг) Сөзді қолға ұстап, көзбен көруге келмегенімен, сезім мүшеміз құлақ арқылы естіп, ақыл-ой арқылы түйіп, керегімізге таратамыз. Сөз тек мағына жағынан емес, құраы жағынан да аса күрделі категория. Сөз
Қолданғанда әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, әрине, ең алдымен сөздің морфологиялық құрамында болып отырады. Осы ғалымның айтуынша :Сөздің сыртқы дыбыстық шашылымына соқпвйынша, онымен байланыстырмайынша жалпы сөз тұлғасын талдау мүмкін емес. Өйткені сөзді бөлшекке бөлі, саралағанда, біріншіден, бөлшектің мағынасын, екіншіден, бөлшекиің сыртқы формасын анықтау мақсаттары көзделеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

ПМНО | Көмекші мектептің 7 сынып оқушыларына сөз құрамын оқыту

Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың
Зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық