Экология | Табиғатты қорғауға бағытталған технологияларды еңгізу

Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Ғылыми-техникалық прогресс.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тісті қорғау денсаулық кепілі

Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз. ......
Кеңестер
Толық

Социалогия | ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Кіріспе
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық мәселе емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік мәселе.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік мәселелерін халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Қазақстанның жер асты суларын қорғау

Кіріспе
Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.
Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат – сутірегіш деп аталады.
Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.
Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту

1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жай-күйі
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - азаматтар) өмірдегі қатерліжағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Нәтижесінде, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау

Автор бұл зерттеу жұмыстары мен 3 жыл жұмыс жасауда, әр оқушының өз денсаулық деңгейін білу,оларға коррекциялық түзетулер енгізу арқылы денсаулық деңгейін көтеруді мақсат еткен ол,зерттеу нәтижелерінің оңды көрсеткіштерімен зерттеу белгіленген жұмыстарды жүйелі, салауатты өткізсе, әр оқушы өз денсаулығына қамқор бола алады. Зерттеу кезеңдері 3 жылға арналған.
І - КІРІСПЕ.
1. 1 Адам денсаулығы бүгінгі таңдағы - ең өзекті мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың денсаулық деңгейін анықтау, денсаулық мониторингісін шығару, әр оқушының денсаулық деңгейін білу, денсаулығын нығайту және қамқорлық жасау.
Оқушылар өз денсаулық деңгейін өздері анықтап, дәрісіз жаттығулар, емдік гимнастикалар, дәрілік шөптер және ағзаны шынықтыру арқылы денсаулықтарын әр жыл сайын көтеріп, денсаулық деңгейлерін жоғарылату. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Жер құқығы | Жерді пайдалану және оны қорғау құқықтық тәртібі

Кіріспе
Жер құқығы – жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінле пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз.
« Жер туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы – Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқығының өрісіне қарай заңды көрініс. Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әкімшілік жүйе | Жадыны Windows NT,Unix операциялық жүйелерінде қорғау

Кіріспе.
Соңғы кездері «ақпараттық көпшілік» термині жиі кездесіп жатады.Анализдердің жауаптарына қарасақ, ақпараттық көпшіліктің еңбегі болып табылатын ақпарат және білім, ал еңбек құралы болып-ақпараттық тхнология саналады. Электрлі санағыш техникасына негізделіп, ақпараттық технология деген жаңа атқа ие болды.Жаңа ақпараттық технологиялар бұрыңғыдын да көбірек мүмкіндіктерін көрсетеді.Торға қосылған компьютерлер көптеген әртүрлі ,қызықты мағлұмат бере алатыны бізге белгілі.Жылдан жылға осы ақпараттық технологияны қолданатын және қолдануға міндетті адамдар көбейіп жатқаны мәлім. Осы ақпараттық технология көп қажеттілігімізді қанағаттандырғанмен , бізге үлкен қауіп төндіретінін көбісі білмейді.Күннен күнге компьютер қылмыскерлері көбейіп жатыр.Осының бәрі экономика жарылысына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ақпараттық технологиялар атомдық станциялармен және химиялық өндірістерге қатысы бар. Егер ақпараттық технологиялар бұзылысқа ұшыраса, ол әкеліп экологияға әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ақпарат бізге өте қажет екенін ескере отырып, оны қорғайда білуіміз керек.Егер жадыны қоғамасақ, біз, сақталған ақпаратты, бағдарламаларды және ақпараттық мәліметтеді жоғалтып аламыз. Ақпарат зиянкестері екі түрде болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Ерекше қорғауға алынған территориялар

Кіріспе
Өсімдік ресурстары. Шөлдің сұр қоңыр, сор және құмды топырақтарына эфемерлік-сораңды өсімдіктер жабыны тән. Шөлдің барлық өсімдіктері суды топырақтың ең терең қабаттарынан сіңіруге және аз буландыруға бейімделген. Тамырлары өте ұзын, жапырақтары өте ұсақ немесе тікен тәрізді. Ағаштары сирек, тек аздай сексеуіл кездеседі. Қысқа көк- маусымында эфемерлер мен эфемероидтар өзінің дамуын толық аяқтайды, тұқым түзеді де қуаңшылыққы дейін дейін кетеді. Эфемерлерге шөл қияғы, вайда және тағы басқа жатады.
Жартылай бұталардан жусан, сораң таралған. Сексеуілден басқа фисташкалар, ғасыр (ферулла) кездеседі. Көптеген өсімдіктер дәрі-дәрмектік шикізат болып табылады. Мысалы, дәрмене ішек құртына қарсы қолданылатын сантонин дәрісін өндіру үшін бағалы шикізат. Дәрменені көп мөлшерде пайдаланатын «Шымкентбиофарм» өнеркәсіп орны. Оның қызметіне байланысты дәрмененің қоры кеміп кеткен. Қазір бұл өсімдікке жойылу қаупі төніп тұр. Бұл түрдің таралу аймағы қазір тек Сырдария өзеннің (Отырар ауданы) аңғары ғана болып отыр.
Тақырлы топырақтарда қара сексеуіл, тамариск, сораң өседі.
Құмды дөңдерде ақ сексеуіл, қылша (эфедра), ақшатай (астрағал), айрауық (вейаик) өседі.
Шалғынды және шалғынды-батпақты территорияларда бұталар мен қамысты өсімдіктер таралған.
Қаратау тау жотасының белдеуінде бидайық тәрізділер мен тау ксерофиттері мен саванойдтар таралған. ....
Курстық жұмыстар
Толық