Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:
- Ата, жолды қысқартайық, - дейді.
Қарт:
- Жол қалай қысқарады? - дейді.
Жігіт:
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кеззек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді.
Шал ішінен:
- Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Өзін қалай арқаламақшымын? - деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып....
Ертегілер
Толық

Қарттың ұлына айтқан өсиеті

Бір бай өлер уакытында ұлын шақырып алып: - Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке....
Ертегілер
Толық

Несіпбек Айтұлы (Қара бала қол жайып)

Солқылдатып өмірдің сан сауалы,
Жүрегімнен, миымнан қан сауады.
Дүбір салған ішімде дүлей тасқын,
Сыртқа бұзып шыға алмай жар соғады.
Күннен-күнге тарылып ел тынысы,
Сезілмейді тірліктің серпілісі.
Алаң қағып әркімнің көзінде жүр,
Қасқыр тартқан тоқтының......
Өлеңдер
Толық

Үміт

Үміт өлмейді.

Үмітсіз - шайтан.

Үміттінің өз дәулеті өзінде.

Қазан аузы жоғары, қармақ суда.

Сағыныш - сары ауру,үміт - талшық.
Мақал-мәтелдер
Толық

Алып қара құс - Самрұқ

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», - дейді.

Асан мен Үсен әкесінен корыққанынан: «Қайдан да болса тауып әкеп береміз», - деп уәде береді де, жол жүріп кетеді. Бұл уақиғаны Хасан білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді күлсе, аузынан будақ-будақ гүл......
Ертегілер
Толық

1 Қазан - Қарттар күні (Халық тәрбиесі асыл қазына)

Тақырыбы: «Халық тәрбиесі асыл қазына»
Мақсаты: жастар бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алу.
Көрнекілігі: адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер. Мақал - мәтелдер жазылған плакаттар ілу.
Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу
Тәрбие сағаттар
Толық