Дінтану | ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады... /2/ ....
Рефераттар
Толық

Қазақ жері

Қазақстан жерінің тарихы сонау біздің дәуірімізге дейінгі 2-1 мыңжылдықтардан басталады. Бұл уақыт аралығында, қазақ жерін Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеген. Ал ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат және тағы да басқа тайпалар мекендеген. Қазақтың ұлт болып қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екенін бйқауға болады. XIV-XV ғасырларда қазақ тайпаларының өмір сүрген жері Еділ өзені мен Жайық озенінің арасы болған.......
Шығармалар
Толық

Қазақ жерінің хикметтері, Карлаг оқиғасы

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарның соңында Қарағанды көмір бассейн мен бірге ірге қалаған Карлаг түрмесі салынды. Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан.
Спасск елді мекені қазір еліміздің ішкі әскерінің бөлімшесі орналасқан маңызды нысана болып саналады.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Спасскіде Карлагтың әскери тұтқындарға арналған арнайы түрмесі ашылды.......
Шығармалар
Толық

Тарих | Қазақ жерінің перзенті Заратуштра - әлем халықтарының ұлы ұстазы

Кіріспе
Ғасырлар тоғысында, жаңа мың жылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи - мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау заңды, ұлттық сана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор.
Адамзаттың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі де бірегейі зороастризм. Діни жүйелер көне халықтар мәдениетінде жүйе құраушы рөл атқарды. Әрине, бұл діни жүйелер бір күнде бірден пайда болмайды. Олардың өзіндік даму тарихы, даму заңдылықтары бар. Ал бұл заңдылықтарды ашу, даму тарихындағы кезеңдерді зерделеу, өз кезегінде сол ерте дәуірдегі адамдардың дүниетанымын, арман-мұраттарын, қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай - ақ діни жүйелердің қазіргі заманға дейін сақталған көмескі нышандары мәдени бастаулар мен қазіргі мәдениет арасындағы тарихи - мәдени сабақтастықты көрсетеді. Адамзатқа адамгершілік өлшемін ұсынған улы жүйе құрушылар мұрасын қарастырғанда мәдени сабақтастық пен мәдени жасампаздық диалектикасына назар аудару қажет. Міне, осы тұрғыда заратуштра ілімін жан-жақты толық, терең түсіну үшін, оның көзқарастарына әсер еткен ескі наным-сенімдерді, рәсім-рәміздерді зерттеудің маңызы зор болмақ.
Зороастризм ілімі және оның пайда болуы....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ жері - ежелгі адамдар мекені

Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс....
Шығармалар
Толық

Мұқағали Мақатаев (Қазақ жері)

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін.....
Өлеңдер
Толық