Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қазақ жері) » ZHARAR © 2016 | мұқағали мақатаев Қазақ жері казах жери мукагали макатаев олен өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қазақ жері)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қазақ жері) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қазақ жері) на казахском языке

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 7 294
Рейтинг:
(голосов: 11)

.

. .