Салт - дәстүр

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Тақпақтар
Толық

Ұстаз

Менің атым «Арсен»,
Ұстазымның шәкірті.
Ұстазым маған айтады,
Сен баласың тәртіпті!
Тақпақтар
Толық

Мектебім менің

Мектебім менің әдемі,
Класым керемет еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!
Тақпақтар
Толық

Ақ анам

Ақ сүт беріп аялап,
Өсірген менің жан анам.
Түнде оянып ұйықтатқан,
Мені ойлаған ақ анам.
Тақпақтар
Толық

Аталарым

Өзіме ұнайды ғой өлең жазған,
Ертеде ата-бабам ақын болған.
Білгенім, Рахметбай ата өз сезімін,
Өлеңдетіп түсіріпті ақ қағазға....
Тақпақтар
Толық

Астана

Астана, арман қала, жас қала!
Кең аланың ортасында орналасқан.
Астана – Отанымның бас қаласы,
Астанада Бәйтерек бар даңқы асқан....
Тақпақтар
Толық

Бақыт

Ең бірінші бақытым –
Осы дүниеге келгенім.
Одан кейінгі бақытым –
Ата-анам, әулетім.

Бақыттырдың бақыты –
Туған елім, Отаным.
Арайлы таңның атқаны,
Аспанда күннің шыққаны,
Осының бәрі мен үшін,
Бар бақытым, аңсаған.
Тақпақтар
Толық

Анам жайлы

Менің анам тамаша,
Ән салады жараса.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Кіп-кішкентай болсам да.
Тақпақтар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы