Тарих | Голощекин және Қазақстан

Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі – ұлттың сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқтық емес. Адамзат тарихында тұтас бір халықтың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің бірі – зорлық-зомбылық. Ол ғылыми тілде «геноцид» деп аталады.Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара бұлт торлай бастады. Ол бірте-бірте түйіле келе отызыншы жылдардың басында ызғарлы дауылға ұласты.
Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар, Алаштың азаматтары басының ауған жағына көшті, босты. Сіңіріне ілінген сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті. Демографтардың нақты деректеріне сүйенсек, 20-30-жылдардың бұл ойраны анау «ақтабан шұбырындыңызды» екі орап алардай тым алапат. Демек, қазақтардың тарихта бұрын-соңды өз басына түсіп көрмеген ұлы қырғынға ұшырағаны ғой. Сонда тұтас бір халықтың көз-жасын шығарып, ұлы сүргінге душар еткен кім? Ол ел жадында аса бір сүйкімсіз «Қужақ» деген лақап атпен жатталып қалған, жұрт аузында әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете баратын кәдімгі Филипп Исаевич Голощекин еді.
Голощекин кім еді?
Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын отбасында дүниеге келді.
Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП қатарына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан төңкерісіне дейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өтеді. Небәрі алты жылдың ішінде жеті рет түрмеге отырып шығады.1918 жылдың ақпанынан бастап Уральск әскери комиссары болады. Сол жылдың шілде айында Екатеринбург ақ казактар мен ақ чехтардың қоршауында қалады. Урал облыстық советінің құрамындағы солшыл ехерлер, анархистер, әсіресе, қызыл революционерлер Романовтарды құртуды талап етті. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Урал облыстық советінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйінде қамалған ІІ Николай патша атылды.Голощекин – 1929 жылдың сәуір-маусым айларында Түркістан әскери-революциялық советінің мүшесі, ал тамыздан бастап Челябі губерниялық ревкомының төрағасы. 1920-22 жылдары Башқұртстанға, Костромада түрлі шаруашылық қызметін атқарды. 1923 жылдың қыркүйегінен Қазанға келгенге дейін Самара губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Алғашқы әрекеттер
Қазақстанға келе сала Голощекин бірден өзіне тән шапшаңдықпен іске шұғыл кірісті. Ол ең алдымен «1917 жылы қазан мен 1925 жылғы қыркүйек аралығында қазақ сахарасында Совет үкіметі болмады, коммунистік партия ұйымы жоқ» деген шешімге келді. Голощекиннің командалық-әкімшілдік жұмыс әдісі етек алып өрістей бастаған кезде республикалық партия, совет активі оған қарсылық та көрсете бастады. Міне, осы тұста әккі әкімшіл, өктем Ф.Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін жаңа саяси бағытты дәлелдеп Сталинге хат жолдады. Көп ұзамай оның арандатушылық саясатына тоқтаусыз жол ашқан: «Тов. Голощекин. Я думаю, что политика, намеченная в настоящей записке, является в основном единственно правильной политикой. И.Сталин», – деген жауап та келіп жетті. Міне, осы тұста Голощекиннің әкімшілік-әкімгер басшылық әдісіне қарсы шыққандарға неше түрлі жала жабылды. Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Меңдешев, А.Әйтиев сияқты партия, Совет қызметкерлерінің, өнер қайраткерлерінің атына ғайбат сөздер, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және басқалардың соңына шам алып түсушілер көбейді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының заңы

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «Валюта» терминінің мәніне тоқталаиық.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996 ж) сәикес, «Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билетер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен аиырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай ақ шоттардағы, соның ішіде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».
Осы заңда «валюталық операцияларға» төмендегідеи түсінік берілген:
1) Меншік құқығының және өзгеде құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзгеде төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмлелер:
2) Валюталық қүұндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай – ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту:
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады :
1) Шетел валютасы:
2) Номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары:
3) Тазартылған құйма алтын:
4) Ұлттық валюта, резиденттер мен беирезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдаида құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
- Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға:
- Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәикес құрылға барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі:
- Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзгеде өкілеттіктер жатады.
Ал, беирезиденттерге резидент құрылымында көрсетілмеген Қазақстан республикасының барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.....
Рефераттар
Толық

Экология | Арал теңізі Қазақстанның інжу маржаны

Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км 2, тереңдігі – 30 – 60 метр, тұздылығы – 10 – 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 – 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алында. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрыңғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5 , Түрікменстанда 2,4 , Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960 – 1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 – 1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары боыйнша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Аралға 1960 – 1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974 – 1978 жылдары 13 мың м3 , ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның суайдыны 30 – 2000 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын – соңды болмаған көрсткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 -15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 миллион тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.

1207-1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.

Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғысхан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.

Сөйтіп, ол Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғысхан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен бірге әскерімен Бұхараға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.

1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мыс. Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек- 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастаған әскер Шыңғысханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 көкекте монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхара, Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219-1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | АҚ Қазақстан Халық Банкіде бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ақ Орда Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. ....
Рефераттар
Толық

Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз

Сабақтың мақсаты: «ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:
- ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
- достық қарым - қатынастарын нығайту;
- татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Балалар, қане «Шаттық шеңберіне» тұра қояйық.
«Қазақстан - ортақ үйіміз» өлеңін айтайық.
Тілейміз – бейбіт күн
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Тарих | ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан

Қахақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі –ХҮІІІ ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Барольдтің жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Бұл кезде тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түскен еді. Ол тау халықтарының тарланбозы Имам Шәміл айтқандай «Үлкен халықтарға үлкен ынсап керек екен. Кіші халықтарға үлкен қанжар керек екен» дегендей заман болатын. Ежелден көрші жатқан қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстың ішкі басты себебі екі көрші мемлекет Ресей мен Қытайдың, қазақ пен жоңғардың ешқайсысын да күшейткісі келмегендіктен ылғи екеуін бір-біріне айдап салу керек еді. Осындай сын сағаттарда жеке адамдардың рөлі артып, дала демократиясының негізгі иелері – хандар, сұлтандар, батырлар атқа мінуге мәжбүр болады. Сөйтіп Шыңғыс тұқымының ұрпақтары тақ үстінде емес, ат үстінде ұрыс аландарында сынға түседі.
Патша өкіметі Қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалан кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы – оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріндегі білім беру бағыттары

ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы, географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы капиталистік сауда ақша қатынастарының қалыптасуы

ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның экономикасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұл кезеңдегі Ресейдегі капитализмнің дамуы қазақтардың орасан зор территориясын қамтыды және тауар – ақша қатынастарының жедел өсуіне әрі капиталистік тәртіптіьң пайда болуына ықпал етті.
ХІХ ғ. ІІ жартыстында Қазақстанға реселік капитал белсене ене бастады. Оны салудың негізгі саласы, өлкеміз аса бай патйдалы қазбаларын өндіру мен өңдеу саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикьізатын өңдейтін өнеркәсіп пен сауда саласы болды. Мысалы, тұз кәсіпшіліген капиталистік сиьпаттағы өндірітстің барлық белгілері тән болды.
ХІХғ. соңында банк капиталы ене бастады және Қазақстан территориясында несие торабы пайда болды. Катпалистік несие де дами бастады. XIX ғ. соңына таман - XX ғ. басында Қазақстан территориясында қарапайым банк операцияларын жүзеге асыратын қазына қорларын сондай-ақ 345 несиелік және сауда сақтау серіктестіктерін есептемегенде 44 банк мекемесі жұмыс істеді. XIX ғ. соңында Қазақстан территориясындағы негізгі банк Орал, Қызылжар (Петропавл), Семей, Омбь және т.б. қалаларда бөлімшелері бар мемлекетік банктер болды. Несиелік мекемелердің орталығы Ақмола облысында болды. Сондай-ақ Қазақстанда Сібір сауда банкісінің 7 филиалы болды, екінші орында 5 бөлімшесі бар орыс сауда-өнеркәсіптік банкі болды.
Несиелер құны бойынша, бірінші орында мал мен ет саудасы, екіншіде-нан, үшінішде - «аралас» тауар саудасынан тұрды.
Капиталистік қатынастардың дамуы сауданың дамуына да елеулі әсер етті. Ресей капиталы өлкенің ең алыс түкпірлеріне де еніп, жергілікті мал шаруашылығын Ресейдің, Орта Азияның Батыс Еуропаның нарықтары мен одан да тығызырақ байланыстыра түсті. Сауданың негізгі объектісі мал болып қала берді. Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездерінен жыл сайын Ресейге 60000 бас ірі қара және 200000-дай қой басы әкетілген. Астық саудасының ірі орталықтары Орал, Орынбор, Семей болды, мұңда астық Қостанай, Ақтөбе, Орал, Түркістан уездерінен әкелінді. Астықтың бір бөлігі Ферғана, Ташкент, Бұқараға жөнелтілді.....
Рефераттар
Толық