Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты

Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді. ....
Рефераттар
Толық

Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны

Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат.
Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан ....
Рефераттар
Толық

Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстан (1946-1950)

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшандатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.
1945 жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есебінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жұмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқталды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге ақы төленетін демалыстары берілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай – ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету кезделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіппен, ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген "күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көздеді....
Рефераттар
Толық

Радиация және қазақстанның экологиялық проблемалары

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км. (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай – 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ланшафты белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн. – нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндіршілер болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-ын береді. Каспи~ маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры - 3-3,5 млрд. тонна және газдың – 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.
Каспий тенізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек. ....

Рефераттар
Толық

Патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы империяның қазақ өлкесіне байланысты саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды әскери-отаршылдық әрекеттерімен өзіне қосып алған царизм осы аймақтағы ағылшындық ықпалды ығыстырып,ортаазиялық шепке шықты. Өзінің алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық режимін орнатты.
Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына да қолайлылық туғызды. Крепостниктік құқықты жоя салысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды.
Крепостниктік құқықты жою Ресейдегі аграрлық мәселені шеше қойған жоқ. Осындай жағдайда патша үкіметі шаруаларды революциялық қозғалыстардан бұрып әкететін бірқатар шаралар қолданды,атап айтқанда, қоныс аудару саясатын жандандыра түсті. Сібірді, Қазақстанның солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы царизм ішкі губерниядан шаруаларды сол жаққа қоныс аудартуды және солар арқылы ұлттық шет аймақтарда өздеріне әлеуметтік тірек табуды ойластырды. Орыс және украин шаруаларын өлкенің барлық дерлік облыстарына жоспарлы түрде қоныс аударттыру ХІХғ. 70-жылдарының бас кезінде басталды, ал 80-жылдары бұл іс жаппай көшіп келіп қоныстанушылық сипат алды ....
Рефераттар
Толық

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы

Аумағы – 428 мың шаршы км
Құрамы – Қарағанды облысы
Халқы – 1411,7 мың адам
Халқының тығыздығы
1 шаршы км-ге 3,6 адамнан
Қала халқы – 86%
ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады

Географиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады,
ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды .

Табиғат байлықтары . Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері , полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар .

Табиғат жағдайлары . Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес .Жердің климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті , жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз ,күшті жел соғып тұрады . Жауын-шашын аз жауады . Солтүстігінде Қарағанды және Қарқаралы ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді .
Осы жерден астық тұқымдастар өсетін құрғақ дала зонасының жіңішке алқабы өтеді, топырағы қоңыр қызыл, ал ауданның бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр, оңтүстік бөлігі жусанды , күйреуікті шөл зонасына өтеді, бұл зона, негізінен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады .
Жер суаруғақажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ . Сондықтан Орталық Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық маңызы бар . Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі . Ауданның сумен жабдықталуынжақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған .
Мысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды . Ол Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан экономикасы

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.
Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек. ....
Рефераттар
Толық

Оңтүстік Қазақстан акционрелік қоғамы

2006 жылдың алғашқы айлары республиканың зейнетақы жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер әкелді. Ең алдымен, бұл өзгерістер қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесін қамтыды, дегенмен олардың бір бөлігі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама болса да, негізінен жағымды жағынан қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, оның ең негізгісі: бұдан әрі жұмыс беруші де, не басқа тұлға да зейнетақы қорының салымшысының таңдауына ықпал ете алмайды.
Зейнетақы қорларының жұмысындағы осы соңғы өзгерістер жайында “Ұлар Үміт” жинақтаушы зейнетақы қорының” президенті Дабыр Тұрсынғазыұлы Медетбеков әңгімелеп береді.
Салым¬шының зейнетақы қорын өз еркімен таңдауы жөнінде әңгіме, сонау бір жыл¬дары, елімізде зейнетақы рефор¬ма¬лары басталған тұста, яғни “Қа¬зақ¬стан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабыл¬данбас бұрын-ақ айтылған болатын. Заң шығарушылардың арада сегіз жыл өткеннен кейін осы мәселеге қайта оралуына не себеп болды?
МД: Өткенді еске түсіретін бол¬сақ, Елбасы “Қазақстан Республика-сындағы зейнетақымен қамсыздан¬дыру туралы” Заңға қол қойып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұңғыш рет кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте зейнетақымен қам¬тамасыз етудің жылдар бойы қалыптасқан мемлекеттік ынты¬мақтастық жүйесі оның барлық олқылық-кемшілік¬тері-мен жинақтаушы жүйеге өте бастаған сәттен бері сегіз жыл өтті.
Осы жылдардың ішінде жинақ¬тау¬шы зейнетақы жүйе¬сінде 5 миллиард¬қа жуық АҚШ доллары жинақталып, на¬рықта 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп келеді.
Жуырда Қазақстан қаржыгерлері¬нің V конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанның қаржы секторы бү¬гін¬де кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте жалғыз-дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана алады деп атап көрсетті.
Дегенмен, бұл жерде Қазақстан¬ның зейнетақы саласын қайта құру үдерісі аз уақыт ішінде тез жүріп өт¬кен¬дігін де ұмытпауымыз керек. Сон-дықтан 90-шы жылдардың аяғында қабылданып, өзінің маңыздылығын жоғалтқан бірқатар ережелер мен нормалардың түрлі өзгерістерге ұшырауына таңданудың қажеті жоқ.
Бұған зейнетақы туралы заң¬дар¬да¬ғы салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау еркін қам¬титын нормаларды жетілдіру қажеттігі мысал бола алады. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін бұл қағидат үстірт түрде орындалып келді, шынын айтқанда – тіптен орындалмай келді: көп жағдайда жұмысшының зейнет¬ақы қорын таңдауы жұмыс берушінің еркіне байланысты болды.
Алайда, 2006 жылдың 1 қаң¬тары¬нан бастап Қазақстан Республика-сының 2005 жылғы 16 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” №58-ІІІ ҚРЗ-на сәйкес жағдай жақсы жағына өзгеруі тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан

Қыпшақ хандығы (11 ғ.б.-1219 ж.). "Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.

656 ж. Батыс түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.

11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.

Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: қимақ тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ. соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.

Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік -қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралды.

Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол басқыншылығы тоқтатып тастайды. ....
Рефераттар
Толық