Қытай астрологиясы мен фэн-шуйдан кеңесші Сабина Хәкімова қытайлық мыңжылдық күнтізбенің негізінде болжамдар жасайды. Сабина алдағы мешін жылында елімізді не күтіп тұрғанын болжады.
Тұрғындары Қазнеттегі ерекше жаңалықтар мен түрлі күлдіргі видеолардың қаһармандарына жиі айналып жатқан Шымкент-керемет қала. Оңтүстік өңірдің тұрғындары батылдығымен, керативті және әзіл-қалжыңдарды көтере білетінімен ерекшеленеді.
[url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL2dvby5nbC9US3oxU0o%3D]NUR.KZ[/url] ztb.kz-ке сілтеме жасап олармен байланысты ең ерекше жаңалықтарды және Шымкент тұрғындары өзге қазақстандықтардан несімен ерекшеленетінін назарларыңызға ұсынады.
Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы мұның мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты.
- Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға....
Күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Құрбан айт биыл 26 қазанда басталады.
Фото с сайта rus.azattyq.org
Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс деп белгіленген.
Ал, екінші және үшінші күндері бұл жолы сенбі, жексенбіге келіп тұрғандықтан, үш күн демалыс деп жарияланды.
Ислам мейрамдары күндік емес айлық күнтізбемен есептеледі. Мұсылман баласының ұлық мейрамы, Құрбан айт жыл сайын Зулхиджа айының 10-ы күнімен сәйкес келеді. Биыл, ол 26-қазанға тұспа-тұс. Ертең, Зулхиджа айының бірінші күні.
Құрбан шалу айт намызынан кейін жалғасқаны абзал. Құрбанға 4 түлік мал шалынады. Ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына да болады. Ал, Ұлық мейрам толық 3 күнге, ал 4-ші күні екінті намазына дейін жалғасады,- дейді орталық мешіттің бас имамы.
Естеріңізге сала кетейік, діни бірлестіктер мен мешіттер қайта тіркеуден толығымен өтіп бітті. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанға 5500 қажы оралмақшы. Бұл өткен жылдан 1500 адамға артық.