Экономика | Қазақстандағы баға нарығы

Сұраныс пен ұсыныстың көлеміне, фирма шығыны мен табысына және пайдасының деңгейіне, ел тұрмысына, ұлттық табыс пен инвестиция серпініне, қоғам өндірісінің дамуына, т.б. көптеген маңызды көрсеткіштерге баға тұтқалы ыкпал тигізеді. Сондықтан баға адам өмірінде негізгі роль атқарады деген қағида орын алған. Бағаның осы тұтқалы ролі барлық қоғам жүйелеріне бірдей тән. Алайда қоғам жүйелерінің әрқайсысында баға теориясы мен тұжырымдамасы, оның әдістері мен тәсілдері әр түрлі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында бағаның негізі ретінде қоғамдық құн болатын. Ал қоғамдық құн қоғамдық қажетті еңбек немесе қоғамдық қажетті шығындар арқылы есептелді. Қоғамдық қажетті шығындар іс жүзінде әрбір өндіріс саласының орта шығындары ретінде есептелетін. Бұл шығындарға әрбір саланың пайда нормативі қосылып баға деңгейі белгіленетін. Ал пайда нормативі мемлекетке (бюджетке) қажет, басқаша айтқанда, материалдық және материалдық емес (қызмет көрсететін) қоғамдық салаларды дамыту үшін, қоғамды әлеуметтік тұрғысынан дамыту үшін қажет қаражатына сәйкес белгіленетін. Демек, қоғамдық қажетті шығындар қоғамды және әрбір саланы дамыту үшін қажет қаражатқа (шығындарға) сәйкес есептелетін. Сондықтан бұл баға тұжырымдамасы ғылым жүзінде шығын түжырымдамасы деп орынды аталған еді. Өйткені баға белгілеуші көрсеткіштердің екеуі де (қоғамдық шығындар да, пайда нормативі де) шығындарға негізделген. Бағаның осы шығын тұжырымдамасы түбінде шығын (нәтижесіз) экономикасына әкеліп соқты. Негізінде шығын белгілі нәтижеге жету үшін жұмсалуы тиіс еді. Алайда шығын шығынды көбейте берді. Өйткені экономика нәтижені емес, шығынды көбейтуге бағытталған еді. Әрбір министрлік өзінің қоғамдағы орнын күшейту үшін неғұрлым көбірек қаражат талап ететін. Сондықтан ол каражаттың қажетін негіздеп, оны алуға тырысты. Салмағы ең ауыр машиналар өндіріліп, алып құрылыстар салынды. Алайда оларға кеткен шығындардың нәтижесі ойдағыдай болмады. Ол алып кәсіпорындардың өндіріс қуаттары толық игерілмей, салмағы ауыр техниканың өнімділігі оған кеткен шығындарды ақтамады. Кеңес Одағы металл өндірісі көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шыққан. Бірақ ол металдан өндірілген өнім саны мен сапасы дамыған елдерден анағұрлым кем болды. Демек, шығын нәтижелі болмады. Шығын шығынды көбейтіп, өндіріс нәтижесі төмендеп, шығынды экономика қалыптасты деген тұжырым осыдан шықты. Енді, міне нарық экономикасына көштік. Баға бұрынғыдай орталықтан белгіленбейтін болды. Өйткені жеке меншік өндірісіне ауыстық. Әрине, мемлекет әрбір жеке меншік кәсіпорынға баға бекіте алмайды. Ол мүмкін емес. Екіншіден, ол дұрыс та емес. Өйткені жеке меншік кәсіпорынның дербестігі бұзылып, олардың мүддесіне қайшы келіп, өндіріс тежелетін еді. Нарық экономикасында мемлекет кәсіпкерлерге еркіндік бере отырып, бағаны реттеу үшін көбінесе тікелей әкімшілік әдістеріне қарағанда, экономикалық (жанама, яғни салық, несие пайызы, инвестиция, қаржылай көмек т.б.с.с. саясаттар арқылы) жанама әдістерін қолданады. ....
Курстық жұмыстар
Толық