Қадыр Мырза Али (Күз)

Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Қызыл кітап)

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып,
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жалыннан жаралғандар)

О бастан-ақ парасат, ой дарыған
Біз боламыз жарқын қыз,
Жайдары ұлан.
Біз — жалынбыз өшпейтін мәңгі бақи,
Біз — комсомол жел ескен айдарынан!
Біз — комсомол:
Күштіміз,
Қарымдымыз.
Қолтықтаған құрбымыз — дарынды қыз.
Алқынуды білмейтін арғымақпыз,
Ауыздықпен алысқан арындымыз.
Біз — комсомол:
Ауылдан,
Шаһарданбыз.
Артқан жүкті алысқа апарғанбыз.
Спортында — әлемдік чемпионбыз,
Ал майданда — қып-қызыл қаһарманбыз!
Даңқты жол — біздердің өткеніміз.
Музейлерде қайла мен кетпеніміз......
Өлеңдер
Толық