Ғылыми жұмыс: Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

«Алоэ өсімдігінің емдік шипасы» деген қағиданы ұстана отырып алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бүгінгі таңда қорғағалы тұрған тақырыбын «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» бұл тақырыпты таңдауыма жетекшім және атам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған - түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға.....
Ғылыми жобалар
Толық

Таңғажайып жеті 7 саны

Ғылыми Жобаның мазмұны
Кіріспе. ..................................................................3
1. Негізгі бөлім. .......................................................
1. 1. Сандардың шығу тарихы. ...............................5
1. 2. 7 саны – қасиетті сан. .....................................7
1. 3. 7 санына байланысты Қазақ аспаптары. ..........11
Қорытынды. ..........................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................17
Ғылыми жобалар
Толық

Статистика ғылымының арнайы ұғымдар

Әрбір ғылым саласының ,пәннің өз реттеулерін жүргізу кезінде қолданатын , өзіне тән болып табылатын арнайы ұғымдары болады. Статистиканың да өз қызметін белгілі бір уақыттар аралығында атқаруыеа және ол үшін арнайы әдістерді , әдістемелерді қолдануға байланысты тек ғылымның осы түрінде ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары категориялары болады. Ол ұғымдар мен категориялар осы ғылымның арнайы құралдары болып табылады, яғни статистика өзінің мақсатына жету үшін белгілі бір ұғымдарды пайдаланады және қолданады.
Статистика пәнін қарастыру барысында қолданылатын ұғымдардың саны көп , бірақ олардың ішіндегі кейбіреулері ерекше маңыздылығына , жиі қолданылатындығына байланысты арнайы түсіндіру , сипаттауды қажет етеді . Олардың қатарына мыналар жатады: белгілер, статистикалық жиынтық, вариация , статистикалық көрсеткіш, көрсеткіштер жүйесі және статистикалық заңдылықтар.
Статистикалық белгілер ретінде , зерттеуге алынатын құбылысты сипаттайтын , оның өзге құбылыстардан негізгі айырмашылығын білдіретін , сондай-ақ кейде зерттеуге жататын құбылысқа тікелей қатыстылығы болмаса да оны қосымша тұрғыда маңызын ашатын құрамдарды алуға болады. Әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың кез-келген түрі құбылыс ретінде бағалау үшін олар белгілі бір белгілерді иеленуі керек . Яғни құбылыстың түріне түсінік берілгенде , міндетті түрде оның ерекше белгілері ескеріледі.
Сонымен, статистикалық белгілер дегеніміз, құбылыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерін сипаттайтын және зерттеу жұмыстарында бақыланатын , өлшенетін құрамы болып табылады.
Құбылысты жалпы сипаттайтын белгілер мен құбылыстың бірліктерін сипаттайтын белгілердің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі. құбылыстың өзін ғана сипаттайтын белгілер, әдетте сол құбылыстың маңызын, мазмұнын , ерекшелігін анықтайды. Мұндай белгілер ол құбылыстың өзге қоғамдық құбылыстардан айырмашылығын білдіріп тұрады.
Статистикалық белгілер сандық және сапалық белгілер деп екіге бөлуге болады. Бұлай бөөлу, өзге ғылым салаларында да кездеседі. Сапалық белгілер сан түрінде бейнеленбейді. Сапалық белгілерді статистикада кейде атрибутивтік белгілер деп те айтады.
Сапалық белгілердің бір көрінісі балама белгілер болып табылады. Балама белгілер тек сөз түрінде ғана беріледі және бұл белгі -нақты бір құбылыс белгісінің екі мағынадан тек бір мағынаға ие болуын беріледі.
Сандық белгілер құбылысты немесе жиынтық бірліктерінің құрамын тек белгілі бір шама түрінде сипаттауды білдіреді. Құбылыстың құрамын сипаттайтын шамалар тек сан, цифр түрлерінде ғана кездеседі.
Статистикалық жиынтықтағы белгілер мағынасы және зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: негізгі және қосымша, вариациялық, нәтижелік факторлық, елеулі және елеусіз белгілер. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану ғылым ретінде

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.....
Рефераттар
Толық

Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар Генетикалық психология

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыс-танушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірлерде -ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді: көзі көрмейді, құлақ естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады және т.б. Осы психикалық әрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегі негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсіндіріп бере алмайды.
Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін барша психикалық іс - әрекет түрлерінің рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғылыми - психологтары М.М.Сеченов (1829-1905) пен И.П.Павлов (189-1936) көп еңбек сіңірген. М.М.Сеченов өзінің әйгілі «Бас ми рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс -әрекетіне жая қолданды. Ол «адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс», - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеугі мүмкін емес», - деп жазды. Срнымен бірге ғалым сыртқы жаәдайлар әсерлері, барша өмір тәжірибесі қамтылады. Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан және ақырынан бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.....
Рефераттар
Толық

Педагогика ғылымының қазіргі деңгейі

Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл аткара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың кажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашкы педагоғикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани және тән дене дамуында шешуші рел атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философия сында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж Б.э.д.)- балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттын өзінде ол: «Табиғат және тәрбие мегзес. Дәліре айтсақ, тәрбис аламды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді. Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».....
Рефераттар
Толық

Педагогика ғылымы

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасырн, зерттеу әдістеріон жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бара. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагоикалыық құбылыстың ерекшелітеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланыстыо. Басқа да ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қавлай жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша эксперкментті қайлай жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т. б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі қағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс.....
Рефераттар
Толық