Ғаламтор және әлем

Қазіргі ғасыр - ақпарат ғасыры. Со­ның жетістіктерінің бірі ғаламтор желілері және оның атқаратын көпқырлы қызмет­тері. Жастар көркем әдебиет оқымайды деп айта алмаймыз. Мектеп бағдарла­ма­сын­да қазақ, орыс әдебиеті сабақтарында міндетті түрде оқып, танысуға тиісті шы­ғар­малар тізімі оқушыларға беріледі.

Ғаламтор… Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатыгездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқығымыз бар.
Ғаламтор… Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуальды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз… Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша тиімділікпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ.......
Эсселер
Толық