Алғашқы тістері қашан шығады

Алғашқы тістері қашан шығады?Сәбидің алғашқы тістері анасының жатырында жатқанында-ақ қалыптаса бастайды. Табиғат «сыртқа шығуға бұйрық бергенше» қызыл иектерінің ішінде жасырынып жатады. Дені сау баланың сүт тістері 5-7 айлығында қызыл иекті жарып шыға бастайды. Ең бірінші болып төменгі орталық екі тісі, одан соң тура сондай жоғарғы тістері шығады. 12 айға дейін оған оң және сол жағынан екі көрші тістері қосылады. Осылайша, өзінің алғашқы туған күнін әдетте сәби 8 «қаруланған» тісімен қарсы алады. Қалғандары (сүтті тістің саны20 болады) бір жыл ішінде ақырындап шыға бастайды.Кей тістер кешігіп шықса, уайымдаудың қажеті жоқ: кейбір дені сау балалардың 1 жасқа қарай алдыңғы 6 тісі ғана шығады.2,5 жасқа қарай сүтті тіс толық шығып болады.......
Кеңестер
Толық

Жеміс-жидек жеу мәдениеті

Жеміс-жидек маусымы басталғалы біраз уақыт болды. Үйде, түзде, мейрамханаларда жеміс-жидек жеудің өз тәртібі бар екен. Егер үйде жеміс-жидек жеп жүрсеңіз, бұған бейресми деп атау берейік. «Бейресми» әдісте қолмен жей береміз, ал ресми отырыстарда ше?

Алма мен алмұрт. «Бейресми» кезде алманы қолмен жей береміз. Ал үлкен дастарханда, салтанатты жиында жеміс-жидек тәрелкесіне салынып әкелінген алманы жеу тәртібі бөлек екен. алманы не алмұртты жемес бұрын олардың қабығын спираль бойымен аршиды. Сонымен қатар, тұтас алманы не алмұртты төртке бөліп, сыртын тазалап, өзегін алып тастайды. Тазаланған жемісті қолмен не жеміс жеуге арналған шанышқымен жейді. Ал ұсақ алманы қолмен жей береді.......
Кеңестер
Толық

Тіс пастасының күтпеген қолданысы

✅ Тіс пастасын тек тіс жуу үшін қолданасыз ба? Оның басқа да қолданысымен таныс болыңыздар.

Тіс пастасы жәндіктердің шаққан, тіліп, кесіп алған жердің қабынун басады.
Тіс пастасы күйіп қалған жерді тыныштандырады.
Терідегі қызарған жараларды жасырып, безеулерді кетіреді.
Тырнақтарды жылтырлатып тазарта алады.
Гель тіс пастасын кішкентай көлемде шашқа арналған гельдің орнына қолданса болады.
Қолға сіңіп кеткен балық, сарымсақ, пияз иісінен арылуға көмектеседі.
Киім мен кілемдерге сіңіп кеткен, кетпейтін дақтарды тазарта алады.
Тым қатты кірленген аяқ киімді тазартады.
Әктелген қабырғалардан қарындаш пен фломастер іздерін кетіреді.
Тіс пастасы көмегімен күміс әшекей бұйымдарын жылтырлатып тазартса болады.
Компьютер дискілерінің тырналған іздерін кетіреді.
Балаларға арналған шөлмектерді жаман иістен тазартады.
Күйіп қалған таба мен қазандағы дақтарды тазалайды. ......
Кеңестер
Толық

Масаларға қарсы 10 иіс

Жазда таза ауада барынша ұзақ жүргің келеді, саябақта демалғың келеді, көкке жатып, жайқалған гүлдердің хош иісіне бөленгің келеді.

Ванилин

Ванилинді балалар кремімен 1:10 пропорцияда араластырып, дененің ашық бөліктеріне жағу керек. Сонымен қатар ванелинді суға араластырып, ерітіндіні тері мен киімнің ашық жерлеріне сепсе болады.

Әніс, қалампыр, насыбайгүлдің эфир майлары
......
Кеңестер
Толық

СІЗГЕ ҚАНДАЙ ВИТАМИН ЖЕТІСПЕЙДІ

Кейде адамның бірнеше уақыт бойы мазасыз күйге түсетіні бар. Ондайда адам қалжырап, тез шаршағыш болады, ұйықтай бергісі келеді, тіпті басы айналуы да мүмкін. Мамандар мұндай мазасыздықтың себебін ағзада витамин жетіспеушілігінен болатынын айтады. Ал ағзада қай витаминнің жетіспейтінін қалай білуге болады?

* А витамині жетіспегенде тері құр­ғап, түрлі қабынулар пайда болады. Тамаққа тәбетіңіз болмай, түнге қарай көздің көруі нашарлайды және түйіліп ауыратын болады. Бұл Сіздің тамақ рационыңызда майдың аз болуының белгісі. Артық салмақтан арылу үшін қатаң диета ұстаған адамдарда көбіне витаминнің осы түрі жетіспейді. Себебі диета кезінде адамдар А витамині мен майларды жеуден бас тартады. Ал бұл витаминнің ағзаға майсыз сіңуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда көкөніс­тер мен ірімшік қосылған омлет жеген пайдалы. Оның қуаты аз, бірақ май жеткілікті. Сондай-ақ А витамині бауырда, сары майда, жұмыртқаның сарысында, қаймақта, балық майында болады.......
Кеңестер
Толық

Пісте шағу пайдалы ма зиян ба

✅ Пісте шақпайтын адам аз шығар, сірә. Бұл уақыт өткізудің бірден-бір жолы. Ал сол ермектің сізге қаншалықты пайдасы не зияны бары жайында білгіңіз келе ме? Ендеше, төменге көз тігіңіз.

Пісте шағудың зияны

✅ Күнді сүйіп өскен күнбағас пістесін зиян деуге де қимайсың. Көбі пісте шағуды мәдениетсіздіктің белгісі ретінде таниды. Кешірерсіз, бірақ кинотеатрда отырып поп-корн қытырлату мен сағыз шайнау мәдениетсіздікке жатпай ма сонда?......
Кеңестер
Толық

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір адам теңін тауып, бақытты отбасын құруды мақсат етеді. Бұл өз алдына оңай емес дүние. Шаңырақтың шайқалмай тұруы көп жағдайда әйел адамға байланысты.

Отбасының бақыты мен берекесі нәзік жандылардың қолында. Олай болса, төмендегі қағидаларды жадыңызға сақтаңыз:......
Кеңестер
Толық

Киви сұлулық жеміс

Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне арналған қоспаларды дайындауға көмектеседі.

✅ Нәрлендіретін маска

1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.......
Кеңестер
Толық

Гүл өсіру әдісі

✅ Гүл туралы, оны отырғызу туралы да бұдан бұрын жазылған. Адам өмірі бір орында тұрмайды. Тұрмыс өресі жоғарылайды, бүгінде отбасында гүл өсіру үй шаруасының бір бөлігіне айналған. Үйде өсірілген гүл ауаны тазартып, адамға демалыс сыйлайды. Ендеше, үй ішін ластамайтын әрі гүлді уламайтын, гүл егілген топырақтағы азықтық құрамды арттыратын, гүлдің өсіп-жетілуін жақсартатын, зиянды жәндіктерді жоятын қарапайым әдістерді таныстырамыз.......
Кеңестер
Толық

Қан қысымын реттеу үшін не істеу керек

Қан қысымы жас талғамайды: жасты да, кәріні де жоғарғы өлшеммен құлатуы мүмкін. Оның алдын алып, сақтану үшін арнайы тәртіп ұстанып, дұрыс тамақтану керек. Бұдан басқа да кез келген адам ұстануы тиіс қағидалар бар.

1. Артық салмақтан арылу

Дәрігерлер қан қысымын артық салмақтан болуы мүмкін дейді. Мұндай жағдайда диета ұстау керек. Құрамында глутамин қышқылы бар көкөністерді, мысалы, сәбіз, қызылша, жүгері, қызанақ секілді көкөністерді жеу керек.......
Кеңестер
Толық