Психология | Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы

Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі – бір түп ағаштағы 200 000 – ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешілігімен көзге түсетіндігі; екіншісі – темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі – дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі – адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешілік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешілік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешілігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешілігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер ғылымы Гипппократ (б.з.д. 460 – 356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешіліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни, олардың пікірінше, денені жылытатын – қан, салқындататын – сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын – қара өт. Бұлар бірімен –бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешілігі болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Азия өзендерінің физикалық географиялық жағдайы

Азия өзендерге өте бай. Мұнда жер шарындағы көптеген ірі өзендер бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Бұл өзендердің орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.
Солтүстік мұзды мұхитқа Яна, Индишрка, Колыма, Тынық мұхитқа, Амур, Хуанхе, Янцзы (көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитқа Брахмапутра, Ганг, Инд, Әл-Араб өзендері құяды.
Жұмыстың мақсаты: Бұл жұмыстың мақсаты Азия өзендерінің ашылмаған сырларын болашақта ашу мақсатында жүргізіліп, курстық жұмыс ретінде жазылып, қазынасы мол өзендердің адам өміріндегі алатын маңызды орны мен мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеті: Өзендерді зерттеу және қорғау адам баласының міндеті. Өзендерді зерттеуде арнаулы аппарттар, эхолоттар өзен зерттеушілеріне өзендердің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі: Бұл жұмыс негізінен көп ізденістер мен еңбекті талап ететін сөзсіз. Тақырып аясы болып табылатын Азия өзендерінің шарауашылықта пайдалануы, қазіргі экологиялық мәселелері туралы қарастырылған.Бұл жұмыс нақты және айқын жазылған. Жұмыстың зерттеу дәрежесі: тақырып кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Азот-фосфор тыңайтқыштарының топырақта азот қоректік элементінің жинақталуына әсері

Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады. Үй жануарларын өсіру үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды.
Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы табиғи экожүйелердің өте үлкен масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз, жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты.
Бір кездердегі құнарлы топырақтар мен ландшафттар азғантай уақыт ішінде шөл далаларға айналады. Ауыл шаруашылығы бұдан он мыңдаған жылдар бұрын Палестина мен Сирияның солтүстік аудандарында пайда болды. Қазір бұл үлкен, бір кездегі гүлденген территория құмды далаға айналған. Құнарлы топырақтарды жүйесіз, қалай болса солай пайдалану, алдымен біртіндеп ормандарды азайтты, одан кейін топырақтардың екінші қабатын, ең соңында бүкіл топырақты жойды деуге болады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғамның түсінігі мен түрлері

Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру.
АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырады. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар туғызу.
Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы мүмкін. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынғаң мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚ ғы мүліктерінің аудитін жүргізу

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста “Облгаз” АҚ –ның экономикалық жағдайына талдау жасалып, оның ұйымдастырылуы қарастырылды.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде “Облгаз” АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы: акционерлік қоғам қаржылық жағдайын жақсарту бағытында, осы екі, үш жылда газды сату көлемін үлкейтіп, оның жұмысын жақсарту, ал сатып алушылармен газдың тұрақты құнын орнату болып табылады;
акционерлік қоғам өзінің жұмысындағы негізгі күш бағытын тұрғындармен әр түрлі төтенше жағдайлардан сақ болып, газбен дұрыс қолдану, сонымен қатар газ құралдарын тұрмыс жерлерде жандандырып және уақытында жөндеу жөнінде қызмет етуде және оның есебін ұйымдастыруына жазылды.
Екінші бөлімінде АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы; АҚ-ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі; АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі: аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің “есеп саясатын” басшылыққа алады. Негізгі құралдардың түсуі негізгі құралдардың түсуі - жіберілуі актісімен берілген объектіге деген техникалық құжаттармен бірге толтырылады.
АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті толығымен , зерттеліп қарастырылды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.....
Курстық жұмыстар
Толық