Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт - азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”.......
Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп , көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз! Бұл бізде онайлықпен келген жок. Бізге берген құдайдың бағы да емес,сыйы да емес. Ата –бабамыздың ұрпағым,елім, жерім деп армандап өткен сол үшін талай тер төгіп , талай қан төгіп мың өліп,мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Мұны осы жиырма екі жыл ішінде есті адам есіне алып түсінетін тарихи даму жолы. ......
Ұлтарақтай емес,ұшан теңіз, ұлан-ғайыр асты-үсті қазба байлыққа толы жері бар, көз алартқанға қаймықпай қарсы тұрып, Алашын қорғайтын намысты, жүректі ері бар, күн санап көркейіп жатқан дәулетті де сәулетті елі бар, тілім-тілім болса да, табанға түсіп тапталмаған тілі бар,талай азап көрсе де, теңселмеген діңгегі берік діні бар, арқа сүйеп мақтанатын текті халқы бар, сананы сілкіндірер салты бар ақ көніл Қазақболып келгенім үшін, ниеті таза, пәк Қазақтың баласы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын.Көргендер қызыға да, қызғана да қарайтын кең байтақ өрісті өлкемді әулие бабаларым білікпен, білекпен бізге мирас етіп қалдырды-ау!Неткен ғанибет! Ұлт екенімізді көрсететін тілімізді, дінімізді, салтымызды бізге үкілеп, аялап, мәпелеп жеткізді–ау! Шіркін, алғысымыз шексіз оларға! Кең далаға біз бас иеміз енді! ......
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.......
Білім беру саласы: Әлеумет Тақырыбы: Өзім туралы білгім келеді Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Мақсаты: Білімділік: өзі және өзінің жағдайы, көңіл күйі туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ т.б.), олардың атқаратын қызметі туралы түсініп, айтып беруге үйрету. Дамытушылық: Өзіне деген сенімділігін нығайтып, құрметі мен дербестігін арттыру. Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық. Көрнекіліктер:дене мүшелерінің суреттері, слайд. Алдын ала орындалған жұмыс: балалар өздері туралы әңгімелейді Сөздік жұмыс: Мен, ұл,қыз Блингвалды компонент: Ұл-мальчик, қыз –девочка, қол-рука, аяқ-нога,т.б. .....
Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам ішінде еліміздің қай өңірі болмасын дамудың даңғыл жолына түсіп, жыл сайын құлпырып келеді. Бұл қай-қайсымыз үшін үлкен мәртебе, қол жетпес бақыт, сөз жетпес қуаныш. Осындай бақытты күндер үшін ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен небір қиын жолдардан өтті. Оның қадіріне жету, қастерлеу, киесін ұғыну бәрімізге парыз.Елімізді әлем таныды. Тереземіз теңелді. Бұл халықтың тілегі еді. ......
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін, табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала, Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып, бакландармен бірге үлкен сап түзеп, көлде жүзіп жүреді. ......
Күнделікті өмірде дене шынықтыруды сүйетін жандар өте көп. Әлемде және елімізде болып жатқан спорт жаңалықтарын асыға күтіп, қазақстан спортшыларының тілеуін тілеп, спортқа байланысты кез келген ақпаратқа елеңдей жүретін жанкүйер оқушылар қауымы мектебімізде жылдан — жылға артып келеді. Осыншама халықты ұлты....
К і р і с п е Қазіргі уақытта ықтималдықтар теориясы барлық жаратылыстану, экономикалық және техникалық ғылымдар ғана емес, тіпті математикадан алшақ деп саналатын тіл ғылымына, педагогика мен психологияға, сондай-ақ социологияға, археологияға еніп, ортақ тіл табысып, ішкі құрылыс заңдарын ашатын пәрменді құралға айналып келеді кеңейтіліп, анықтала түседі де, формальданады. Оқиға ұғымы ықтималдылықтың . Ықтималдықтар теориясының бірінші негізгі ұғымы- оқиға бірте-бірте классикалық анықтамасында бастапқы ұғым болып, формальды логикалық тұрғыдан анықталмайтын жиын ұғымы ретінде түсіндірілсе, аксиоматикалық тұрғыдан оған анықтама берілді. Сондықтан оқиға ұғымы туралы мына жағдайларды ескеру қажет. Оқиғалар мен олардың арасындағы қатыстарды үш рет қайталап отырғанымызды аңғару қиын емес. Ықтималдылық формальданған, бұл жағдайда ықтималдықтың классикалық, статистикалық (жиіліктік),, геометриялық және аксиоматикалық анықтамалары бір-бірімен салыстыру және жетімсіздігін толықтыру арқылы түсіндіріледі. Негізгі теоремалардың дәлелдемесі ықтималдылықтың классикалық анықтамасы негізінде келтірілді. Комбинаторика ұғымы қарапайым статистикалық мәліметтер арқылы сипатталады. Мұнда қайталама және қайталанбайтын таңдаамалар сияқты статистика терминдерін енгіземіз. Комбинаторика ұғымы ықтималдықтарды есептеуге кең қолданылады. Ықтималдық ұғымдарының тарихи дамуы мен ғыылым ретінде қалыптасуы бірнеше сатыдан өтеді. Бұл ғылымның дамуына Европа ғалымдары Б.Паскаль (1623-1662), П. Ферма (1601-1665), Х. Гьюгенс (1629-1695), Я. Бернулли (1654-1775), А. Муавр (1667-1754), П. Лаплас (1749-1827), Ф. Гаусс (1777-1855), С Пуассон (1781-1840) және орыс ғалымы Буяковский (1804-1889) көп үлес қосты. ....
Кіріспе «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз». (Ы. Алтынсарин) Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....