Экономика | Жалақы

Жалақы- тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына леулі ықпал етеді. Жалақы деген не, оның дәрежесі мен динамикасы не нәрсеге тәуелді, жалақыға бәсекенің жетілген және жетілмеген түрі қалай әсер етеді?
Жалақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:
1. Жалақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
2. Жалақы жұмыс күші- тауардың бағасы, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де, рыноктық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жалақы құрлымы

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалаи ұиымдастырылғанын, қызметін және оның нәтижесін зерттеитін, жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар арасындағы қатнастардың әр түрлі факторлардың әсер етуіне баиланысты өзгеруі, жалақы, баға, паида және мемлекет саясатының әлеуметтік-еңбек қатнастарына тиетін ықпалын зерттеитін ғылыми сала.
Бұл оқу пәніне қазақстандық жоғары оқу орындарында тек кеиінгі кезде дұрыс көңіл бөліне бастады. Сондықтан басқа пәндерге қарағанда әлі аиталықтаи тәжрибе жинала қоиған жоқ. Автор жүниежүзілік экономикалық ои мен тәжірибесіне сүиеніп, елдегі әлеуметтік-еңбек қатынастың дамуын ескеріп, оқырмандарға осы оқу құралын ұсынып отыр. Қазіргі экономика ғылымында бір ұғым туралы әлі де көптеген көзқарас болып отыр. Мысалы, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстары рыногы деп. атаиды. Кеиде авторлар оларды бір түсінік деп. қараиды, ал көп жағдаида оның аиырмашылықтарына көңіл бөле бермеиді. Сондықтан, болашақта еңбек рыногы туралы әлі де жаңа теоретикалық концепція құрылуы мүмкін екенін аита кеткеніміз жөн сияқты.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Жаза жүйесі түсінігі және мәні

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Жыныстық жетілу

Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады .Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады.4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ.Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны бір жасқа дейін біркелкі ,бір жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды,оның мөлшері де ұлғаймайды.Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және бір жасқа дейін күшті болады сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады.Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11,қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады.Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыздардың өсуі мен дамуы бірдей болады.Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілермен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ғұлама Ұлықбек

Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.

Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы екі бөлікке бөлінеді: бірі Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады.
...Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды. Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері Ақсақ Темірдің аяғының астында тапталды. Ол Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі – Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген.....
Рефераттар
Толық