Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды

2013 жылдың шілдесінде 4 338 вакансияның ішінде сыйақысы ең жоғарысы (жұмыс берушілердің барлық ұсыныстарының 32%-ын құраған) сауда саласында екені белгілі болды.

Фото: ok-inform.ru
Фото: ok-inform.ru

Оған сәйкес, бас директор қызметі үшін айына бір миллион теңге және компания табысынан жылдық бонус ұсынылған, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстандағы HeadHunter компаниясына сілтеме жасап.

Аталмыш топ-менеджердің қызметіне сатылымдарды басқару, баға белгілеу жүйесін жасау міндеттері кіреді. Зерттелген аумақта жалақысы жоғары мамандықтар "Құрылыс және жылжымайтын мүлік" (500-ден 800 мыңға дейін) және "Өндіріс" салаларына тиесілі (3 мың мен 4 мың доллар арасында).

Ал ең төменгі жалақы ІТ-салада (15 мың теңгеге дейін) және банк құрылымында (18 мыңнан 35 мың теңгеге дейін) екен.

Көп жағдайда бұл тағлымдамадан.....

Жаңалықтар
Толық

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі өз сайтында.

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады.

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен.

Жаңалықтар
Толық

15 млрд теңге көлемінде пара алған шенеунік қызметінен шеттетілді

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның президенті Ғ.Т. Мырзақұловқа қатысты қылмыстық іс қозғауына байланысты ол ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2013 жылғы 6 тамызындағы бұйрығымен қызметінен шеттетілді.

Бұл туралы Қазғарыштың баспасөз қызметінен хабарлады. "Қазғарыштың 2013 жылғы 6 тамыздағы бұйрығы бойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ президентінің міндетін атқару компанияның бірінші вице-президенті М.Р. Нұрғожинге жүктелді.

Компанияның іске асырудағы жобалары бойынша орындауға тиіс шарттық міндеттері мен жұмыс жоспарларының сақталуына бағытталған шаралар қабылданды", делінген таратылған мәліметте.

Еске салайық, 2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстаған болатын.

Жаңалықтар
Толық

Соңғы 3 жылда елорда жолдарын жөндеуге 100 млрд теңге жұмсалды

Шикі істен ши шықты. Астанада осыдан тура 1 ай бұрын ғана тақтайдай жөнделген жолдар қайтадан аршылып жатыр.

Бір қызығы, министрліктер үйінің алдындағы негізгі жолдар Астана күніне арнап таяуда ғана қайта жөндеуден өткен еді. Алайда, қала басшылары көп ұзамай бұл жолдарды қайта жөндеуге ....
Жаңалықтар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы