Тамырлар тонусының бұзылыстары 2 типте өтеді. Вегетативті тамырлар тонусы бұзылыстарының гипертоникалық және гипотоникалық формалары.
Вегетативті тамырлар дистониясының гипертоникалық типі жалпы мектеп жасындағы балалардың 5-10 %-де кездеседі. Аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар: тұқым қуалаушылық (ата-анасында немесе жақын туысқандарында гипертоникалық аурулардың болуы., стресстік ситуациялар, үйдегі кері психикалық жағдайлар, мектептегі оқу программасының ауырлығы, қосымша сабақтарға көп қатынасу, күн тәртібіндегі бұзылыстар-гиподинамия, тамақ режимінің бұзылыстары-артық салмақтың болуы, инфекциялық-аллергиялық факторлар, созылмалы инфекция ошақтарының болуы т.б. Артериялды гипертензиялар көбінесе жасөспірім балаларда жиі кездеседі. Көп жағдайда қан қысымының көтерілуі алғаш рет мектептегі профилактикалық тексерулерде анықталады. Науқастардың шағымдары өте сирек, кей кездерде ашуланшақтық, басының ауыруы, жүрек тұсында жағымсыз сезімдердің пайда болуы, тахикардия, тыңдағанда-систоликалық шу, кейіннен жүрек шекарасының кеңеюі байқалады. Қан қысымы нормалық көрсеткіштерден артық. Үлкендермен салыстырғанда балаларда гипертоникалық криздер болмайды.
Гипертензияның алдын алуы мына бағыттарда жүргізіледі:
Өкпе ұяшықтары мен каппиляр мембраналардың газдары екі бағытта өзкізуін өкпенің диффузиялық қабілеті (ӨДҚ) деп атайды. Оның бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:
1. әлвеолалар мен қылтамырлардың мембраналырының өкпе қабынуы, пневмосклероз ж.б. дерттер кездерінде, қалыңдауынан;
2. қызмет атқаратын әлвеолалар мен капиллярлардың, өкпе бөлшегін алып тастағанда, үлкен деңгейде бүліністері кездескенде, азаюынан;
3. қанның өкпе әлвеолаларындағы ауамен жанасу уақыты қысқаруынан газдар керекті мөлшерде әлвеола мен капилляр мембраналары арқылы өтіп үлгермейді. Бұндай жағдай ауыр қол жұмысын атқарғанда, анемиялар кездерінде байқалады.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді, гипоксемия, гиперкапния дамиды.
Өкпе вентилляциясының бұзылыстары гипервентиляция, гиповентилыция немесе біркелкі емес винтеляция түрлерінде болады.
Өкпенің гипервентилляциясы тыныстың минөттік көлемі (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) көтерілуімен сипетталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге көтерілген мұқтаждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бұндай физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.
Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО2 шығуы қажеттілігіне байланысты емес. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан құйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін. .....