Халық педагогикасының ғылыми- теориялық негізі

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмасада, өз ұрпағыы бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлен-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмеседе, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
Мақсаты - бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық творчествалықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы студенттердің, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер маманды-ғына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал ету.
Халық педагогикасында баланың дамуына ықпал ететін тәрбие факторлары мыналар:
1. Табиғат. Оның әрбір бөлігі-тәрбиенің көзі.
Ол адамға көрінетін, көрінбейтін әсерлер арқылы беріледі. Халық табиғаттың тәрбиелік әсерін поэзия тілімен бейнелеген.
Табиғат - халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлардың бірі болып табылады. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде кемелдену ұғымы туды.
Табиғатпен объективті үйлесімділіктің субъективті де жағы бар:
Біріншіден, денсаулықтың нығаюына көмектеседі;
Екіншіден, балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер етеді.
Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу арқылы оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндағы қандайда бір құбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты мәліметтер алады. ....
Рефераттар
Толық

Тұрғын үй құрылысының даму перспективасы

2007 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғын үйдің 187,9 мың шаршы метрі (оның ішінде 114,2 мың шаршы метрі – жария етілген тұрғын үйлер) қолданысқа берілді, ол өткен жылдың сәйкестендірілген кезеңінен 2,0 есеге көп, соның ішінде:
181,163 мың шаршы метрі- тұрғындардың қаражаты есебінен;
6,777 мың шаршы метрі- кәсіпорындар мен жеке меншік ұйымдардың есебінен.
Облыс бойынша барлығы 2007 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша 2504 пәтер, оның ішінде 2412 жеке тұрғын үйлер енгізілді.
Ағымды жылдың екінші жылдығында жалпы ауданы 12,4 мың шаршы метрді құрайтын коммуналдық тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2007 жылдың 15 тамызында Өскемен қаласы Жаңа Согра кентінінің Вешний қиылысындағы жалпы ауданы 5,183 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді қолданысқа қабылдау бойынша мемлекеттік комиссия өткізілді.
2007 жылы несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Көкпекті және Зайсан аудандарындағы жалпы ауданы 39,353 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
2007 жылдың 1 қыркүйегі бойынша тұрғындардан ипотекалық несиелендіру жүйесі бойынша тұрғын үйді иеленуге барлығы 4367 арыз келіп түсті, оның 2065 төлеуге қабілеттілігін растады.
Мелекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша барлығы 1575 пәтер енгізілді, оның ішінде – 1556 пәтер сату-сатып алу келісім-шарты жасалды, өткізілгені – 1556 пәтер.
Облыстың жер қатынастары басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылдың 25 тамыз айы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу бойынша келіп түскен арыздардың саны 11487 құрайды, оның ішінде жас отбасылардан - 2384, мемлекеттік ұйым жұмысшыларынан – 1541, мелекеттік кәсіпорындар мен әлеуметтік бағыттағы қызметкерлерден- 1182. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4099 жер телімдері (келіп түскен арыздар санына 36%), сондай-ақ ағымды жылы 915 жер телімі бөлінді.

ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат
Облыста 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3 шілдедегі № 6/70-ІІІ шешімімен бекітілген ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.
Өңірлік бағдарламаның іс-шаралар жоспарымен төмендегідей шаралар қарастырылған:
республикалық бюджет қаражаты есебінен:
- жыл сайын 8,1 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 24,3 мың шаршы метрді құрайды;
- жыл сайын 56,7 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 170,1 мың шаршы метрді құрайды;
басқа көздер есебінен (тұрғындар, жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен):
2005 жылы – 68,3 мың шаршы метр, 2006 жылы – 118,5 мың шаршы метр, 2007 жылы – 164,5 мың шаршы метр, бұл 2005-2007 жылдары 351,3 мың шаршы метрді құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Тұлғаның психологиясының типологиясы

Әрбір адам – ашық энергоинформациялық жүйе. Ішкі және сыртқы дүниемізге ақпарат сенсорлық каналдар арқылы: көру, есту, сезіну т.б. Әрбір адам өздерінің әлемдік суреттерін сенсорлық әдіс бойынша суреттейді ол әдістер өзінің логикасы бойынша ұйымдастырады. Жалпы айтқанда, әлем суреттемесі көп қабатты символдар алаңы, белгілер, образдар болып келеді және олардың әрқайсысының өздігінше түсініктері және эмоционалдық түстері бар. Әжесі немересіне айтқан «барлық еркектерден қорық олар арсыздар» депті. Ал сол немересі 40 жасқа келгенде өмірде жалғыз болып қалғанын түсіндіре алмайды. Бұл призма сынып қалған калькулятор сияқты. Мысалы сіз екіге екіні көбейтсеңіз төрт болмай жиырма алты шығады. Бұл компьютерде адамның миы бір ақпарат кем дегенде болып жүргізіледі. Бұл жерде 3 фильтр болып табылады. 1. Нейрофизиологиялық. 2. Социолдық. 3. Индивуалдық.
Нейрофизиологялық – бәріне белгілі барлық ақпарат бес органдарынан білінбейді. Мысалы дауыстың 20 және 20000-ға дейінгі ырғағы адамның құлағына естіледі. Көру жүйесі 380-680 милимикро интервал арасында көрінеді. Бірақ адамдарда әртүрлі қабылдау диапазондары болады.
Социалдық – бұл жерде әр ақпаратты қабылдау қоғамдық нормалармен, үрдіспен, өз социалдық жүйе заңдарымен және біз тәрбиеленіп жатқан үрдіспен белгіленеді. Мысалы Азияда палауды қолмен жейтін болса, Европада мұны жабайылыққа санайды.
Индивидуалдық – бұл саты адамдардың тапқырлығымен байланысты болып табылады. Ешкім және ешқашан бұл өмірді бірге-бір етіп қайталай алмайды. Тіпті егіздер де, бірге тұратын ұқсас адамдар да өмірге деген көзқарастары әртүрлі болады. Бір түбекте бір тіс пастасы бола ма деп сұрапты баласы әкесінен. Әкесі сонда: 150-200 гр болады деген. Баласы: Жоқ папа оның ішінде ас үйдегі қабырғаны, каридодағы қабырғаны былғауға жетеді.
Сонымен репрезентативтік жүйе бойынша үш типке бөлінеді. 1. Визуалдық (көретін). 2. Аудиалдық (еститін). 3. Кинестетикалық және бір мето жүйе бар. Оны дискреттік деп атаймыз. Енді әрқайсысына сипаттама беріп өтейік.
Визуальды ориентирлік тип. Жылдам қатты, таза дауыстың тоны, сөздің жылдам темпі жоғары және жылдам демалыспен шығуы. Дауыстың қаттылығы басында жәй басталып, аяғында айқайға дейін күшейеді. Визуальды бір адам мен сөйлесіп отырған кезде көзіне қарап отыру керек. Егер әңгіме қызықтырақ болса 80 проценттей сөйлесу контакті болады. Ал қызық емес болса, 50 проценттен аз болады. Бір адам мен сөйлесіп отырған кезде визуаль көзіне қарамаған болса, ол бір нәрсені жасырған секілді көрінеді. Егер балаға ұрысса да көзіме қара деген сөзді білдіреді. Егер де оның сөздеріне анығырақ құлақ салсақ визуальды сөзінен білуге болады. Визуальдар өздерін көбінесе телепатиялық дарындары бар екенін дәлелдей келеді және адамның ойын оқи алады. Мысалы, мен сенің не ойлап тұрғаныңды жапқсы білемін, деген сияқты ойларды білдіреді. Олар өздерін жоғары ұстайды. ....
Рефераттар
Толық

Сергіту сәті жаттығулары (мектепалды дайындық, бастауыш сынып, балабақша)

Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн

Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
Тақпақтар
Толық

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Рухани жаңғырудың жарқын жолы туралы тәрбие сағат

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру туралы шығарма

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Оқушының қабілеті Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.
Тәрбие сағаттар
Толық

Ана

Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің.....
Шығармалар
Толық

Менің Қазақстаным

Менің туып, өскен жерім –Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім-көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім......
Эсселер
Толық

Менің әже (апа)

Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы....
Шығармалар
Толық

Бірлік - түбі тірлік

Бірлік дегеніміз - ортақ жұмыс жасағанда ұйымшылдық көрсету, жаныңдағы достармен тату өмір сүру, өзгелерді де тыңдау, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.

Бірлік түбі тірлік деп қазақ халқы бекер айтпаған. Адамдардың арасында бірлік болу керек Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Біз бәріміз өзара сыйласып........
Шығармалар
Толық