Кеден ісі | Қазақстан Республикасының кедендiк төлемдерi

Кiрiспе
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған база болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және оның бағыттары

КІРІСПЕ.
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықты жарлықпен немесе декретпен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін, ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірбиесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын.
Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

1. Кіріспе
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бұдан әрі –Тұжырымдама/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми –теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конститутциясына, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Ғылыми туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына”, “Білім” мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конвенцияның декларациясына , Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніндегі кеңестік конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақ диаспорасының мәселелері

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж) тақырыбын зерттеуге арналған. Жұмыста қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесіндегі жаһандану, аймақтану, кірігу үрдістерінде - тәуелсіздікке қол жеткізген жас мемлекеттердің ішіндегі Қазақстанның тарихи жағдай тәлкегімен тағдырдың айдауымен жат жерлерге қоныс аударып кеткен алаштың мыңдаған ұрпақтарының тарихи отанымызда бас қосуы, атамекеніне қайта оралуы, қандастарымен кеңінен қарым-қатынас орната бастауы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Ғылыми жұмыста Қазақстан мен ТМД елдерінің арасындағы екі және көпжақты саяси, мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы, дамуы және болашағы жан-жақты қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдісінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпал жасауда. Алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бірі немесе 4,3 миллион адамды құрайды. Олардың көпшілік бөлігі Кеңестік кезеңдегі революцияның және азамат соғыстары, зорлап ұйымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін салдарынан өздерінің тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Жылу өткізгіштік теориясының негіздері

Кіріспе
Жылу алмасу процестерінің теориясы
Заманауи технология мен техниканың көптеген процестерін шешуге байланысты жылу тасымалы процессі заманауи физиканың түсініктеріне сәйкес екі көзқарас тұрғысынан зерттеледі және сипаталады. Олар феноменологиялық және статистикалық зерттеу тәсілдері. Феноменологиялық және статистикалық тәсіл қарастырылатын физикалық құбылысты тұтасымен анықтайтын параматрлердің арасындағы кейбір жалпы қатынастарды анықтауға негізделеді. Бұл зерттеу тәсілінде негізгі мәселе түріндегі байланысын құруға келіп тіреледі. Мұндағы U-потенциал, I-ағын. Бұл байланыстың жалпы сипаты жылу тасымалданудың үш мүмкін түрінің бірімен анықталады.
Оларды біріншісі – жылуөткізгіштік жылу энергиясын физикалық жүйенің микроскопиялық элементерімен (молекулалар, иондар, электрондар) тасымалдануға қатысты. Газдардағы жылуөткізгіштік энергияны молекулалар соқтығысу арқылы, қатты денеде зат торының тербелген иондарымен және “электрондық газбен”, сұйықта – көрсетілген барлық механизмдермен іске асырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жұмыс күші миграциясының халықаралық реттелуі

Кіріспе
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылықтың үдерісі халықаралық экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тыңыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.
Қазақтан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономикалық амал тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз - ел азаматтарының әл-ауқатын артырып, әлеуметтік экономикалық экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек. Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық шарттары бар. Қазақстан Республикасының Президенті үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы Халыққа Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық басымдылықтарын атап көрсетті. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағытан арылу үшін, елімізде 2015 жылға дейінгі «Индустриялық инновациялық даму стратегиясы» бағдарламасы әзірленді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан тамырлар жүйесі: қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын
қамтамасыз етеді; мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді; оттегіні жасушаларға, олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды; тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды
сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот т.б.); жылудың, су мен минеральды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды; қорғаныс қызметін атқарады.
Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы — жүрек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы тиімділігі мен кері әсері

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Adobe Photoshope бағдарламасы
2. 2 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі
2. 3 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Adobe Photoshope бағдарламасының қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, маркетинг, медицина, полиграфия, дизайн және т. б. салалар аталмыш программаның көмегімен жоғары деңгейде дамуына ықпал жасауда. Бұл жобада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен кері әсеріне тереңінен талдау жасалынады.
Зерттелу деңгейі. Бұл тақырып Отандық зерттеушілер тарапынан аз қарастырылған. Жұмыста негізінен ресейлік және американдық ғалымдардың еңбектері қолданылды: Берт Монро «Применение Adobe Photoshop в рекламе», 2005 жыл, A. H. Назайкин «Иллюстрирование рекламы», 2005 жыл. Бұқаралық ақпараттар құралдары мен интернет сайттары пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау. Міндеттері:
Adobe Photoshope бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру;.....
Ғылыми жобалар
Толық

"Кешірімнің орнына айқайлады": Қызын оқушы қағып өлтірген ана жанайқайын айтты

Қызылордада анасының көлігін ұрлап мініп кеткен 10-шы сынып оқушысы "Лексус" автокөлігімен қыз баланы қағып, бойжеткен көз жұмған еді. Енді марқұмның туыстары жеткіншек жазадан "құтылып кете ме" деп қорқып отыр. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Анасының көлігін мінген қызылордалық жеткіншек 22 жастағы қызды қағып өлтірді

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді Хабар 24-сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық