География | ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕЖИМДЕРІ

Әсер етуші факторларға байлапысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. ....
Рефераттар
Толық