Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1816 жілі неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883-1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.
Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.....
Рефераттар
Толық