Биология | Көршиқан карбункул

Көршиқан , карбункул (лат. carbunculus – шоқ) – түк қаптары, май бездері және оған жақын жатқан тері және тері асты жасушаларының іріңдеп қабынуы. К. май және тері бездерінің өзегіне, сондай-ақ жарақаттанған теріге (немесе шиқанды қысып өзегін шығарғанда) микробтың енуі салдарынан пайда болады. К-ның пайда болуына терінің немесе онымен жанасатын іш киімнің таза болмауы, хим. заттардың әсері, қажалу, қышыған теріні қасу, жеңіл жарақаттар, зат алмасуының бұзылуы әсер етеді. Сонымен қатар К. пайда болуына кейбір аурулар (мыс. қант диабеті) өте қолайлы жағдай туғызады. К. – ауыр өтетін ауру түріне жатады, ол, көбінесе, егде жастағы адамдарда кездеседі. К. мойынның артқы бөлігіне, арқаға, бетке жиі шығады. Бетте пайда болған К. өте қауіпті, өйткені іріңді қабыну өршіген жағдайда, оның бас сүйек арқылы миға таралып, адам өміріне қауіп төндіруі (іріңді менингитке әкелуі) мүмкін. К. дамуының алғашқы сатысында қабыну аумағы қызарып, тері қатайып, ісінеді (қабыну ісігі, инфильтрат). Аурудың дене қызуы көтеріліп, ұйқысы қашады. Ісік үлкейгенде (7 – 9 тәулік аралығында) іріңдеу сатысына ауысады .....
Рефераттар
Толық