Адамзаттың бәрі де туған жерін сүйіп өткен

Қымбат сөз, ұғынған жанға!
Дүние есігін шырылдап қаққаннан сізге таза ауасын,мөлдір бұлағын,жасыл жайлауын,бұлттармен таласқан асқар тауларын,құнарлы ,жұмсақ жерін,шырынды жемісі мен ырысы мен асын сыйлаған мекен. Ақындардың сөзмоншағы,күйшілердің күмбірі,суретшілердің бейнелеуі туған жеріне деген сезімін жүректен жүрекке еш қиындықсыз жеткізіп отырған.Саналы адамзаттың бәрі де туған жерін сүйіп оған тым болмаса жылы лебізін мен жақсы тілегін арнаған.
Туған жер жайлы ойлап отырып бала күнгі....

Эсселер
Толық

Туған жерім - Түркістан, туған елім - Қазақстан

2002 жыл еді... Ауа-райы жайдарлы,өте керемет, күн шуағына бөленіп гүлдер өсіп, барлық тірі жанды денелердің бәрі жер бетіне шығып, кереметтей көктем мезгілі басталған уақыт еді. Қазақ халқының «Жаңа жылын», күн мен түннің теңесетін күнін көру үшін он жетінші наурыз күні дүние есігін аштым.
Кішкентай кезімнен өсіп- өнген жерім қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Мен үшін Түркістан қаласы жылдың қай мезгілі болмасын өте қатты ыстық. Өйткені бұл жерде ата-анам....

Шығармалар
Толық

Туған жер- алтын бесігім!

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
(Фариза Оңғарсынова)

Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел...  Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Барлық адам табиғаты керемет, ауасы таза ауылдан шығады. Ал сол ауылда сенің ыстық алақаны бар анамыз, алатаудай әкеміз, туған-туысқандарымыз, жора - жолдастарымыз, білімін аямаған ұстаздарымыз барлығы, барлығы да сонда. Бұл жерде менің уайымсыз, шаттыққа толы балалық шағым өтіп жатыр. Осы қазақ халқының барлық танымал шешен, ақын адамдарының барлығы ауылдан шығады. Шыны керек, қазір....

Шығармалар
Толық

Тарихтан сыр шертіп..

«Туған өлке батыры »
«Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме» - деп әрі батыр,әрі ақын Махамбет Өтемісұлының ерлікке шақыратын екпінді, жігерлі қанатты сөзі жас ұрпақты жігерлендіріп келеді.
Елдің абыройы халықтың рухында жатыр. Рухы әлсіз халықтың болашағы бұлыңғыр. Қай мемлекет болсын өз іргетасын ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымен қабыстырған. Ата-бабаларымыз «Ақтабан-шұбырынды, алқакөл-сұламаны» бастан өткізіп, тәуелсіздіктің, ұлан-ғайыр даланың тарихын қан кешу арқылы тасқа басып кетті.Міне,бабалар аңсаған азат күнде өмір сүріп жатырмыз.
Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге....

Шығармалар
Толық

Отан - ұлы ұғым

«Елім-ай,
Туып, өскен жерім-ай.
Топырағың тартады-ай,
Алыстағы мені-ай елім-ай»

Отан- ұлы ұғым. Отан әр адамның кіндік қанының тамған жері. Отан- ұшқан құс пен жүйткіп соққан желде де, бар әлемге шуағын төккен күн де болады. Анамның сүтімен, атамның қанымен берілген айбынды, асқақ рухты тілім -Отанымның айшықты белгісі. Отан үшін найзаның ұшы мен білектің күшін жұмсаған Ұлы даланың ұрпағымын. Мен осы елде тудым. Бір кеудеге екі жүрек сыймайды дейді ғой. Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз! Туған жер! Бұл сөз біздің....

Шығармалар
Толық

Мен туған өлке

Мен туған өлке, мен туған өлке қандай дейсіз ғой, мен жазамын, ал сіз оқыңыз. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен, Туған елдің түтіні де тәтті екен... Неге бұлай бастады деп ойладыңыз ба? Иә, мен де сол кәдуілгі туған жерінен жырақта жүрген жандардың қатарынанмын. Есейіп ер жетсең де, құлпырып бой жетсең де, алып тұлға азамат, ардақты ана болсаң да, туған жердің құдіреті сағынтпай қоймас. Туған жерден жырақта жүрген, жасы жиырмаға жетсе де, әлі күнге бала секілді туған жердің бауырына тығылып, топырағын аңсайтын, сары даласына деген сағынышы таусылмайтын жанның....

Шығармалар
Толық

Абай шығармашылығының жаңғыруы

Рухани жаңғырудың аясында
Адырна жобасының арнасында
Жалғадым Абай «Әзім» әңгімесін
Мерейлі той барша қазақ даласында

Жаңғыру тамырдан тарап, бойға енген ұлттық құндылық пен байлықты игеру. Игере отырып, соның жолында қайта жаңғыру, қайта өсу. Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, бүгінде бойымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. 12 сәуір 2017 Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бұл жайлы ерекше айтылған. Абай шығармашылығын жаңғырту мақсатында қолыма қалам алым аяқталмаған «Әзім» әңгімесін аяқтауға....

Шығармалар
Толық

Көлік алған адамға тілек. Машина құтты болсын!

Автокөлік сатып алуыңызбен құттықтаймын. Сізге гүлденген және кедергісіз жолдар, бензиннің төмен бағасы, жайлы және бақытты сапарлар тілеймін. Көліктің пайдасы, қуанышы, ләззаты мен рахаты болсын.

Құттықтау, тілектер
Толық

Күз туралы қысқаша эссе

Мен күз мезгілін жақсы көремін. Күзде күн суытады. Түн ұзарып,күн қысқарады. Ағаштардың жапырақтары қызыл, сары немесе жасыл түске аналады. Біздер қылын киім киіне бастаймыз. Жәндіктер қысқа қызу көтеріле жұмысқа кіреседі.

Эсселер
Толық

Туған жерім - бақыт мекенім

Туған жер-адамның кіндік қаны тамған,қанаты қатайған,арманы асқақтаған қасиетті мекені. Туған жері жайлы жүрек тебірентер өлең шығармаған ақын,әсем әнін арнамаған әнші,бояумен махаббатын жеткізбеген суретші жоқ. Олар туған өлкелеріне деген ыстық махаббатарын сөзбен немесе суретпен,күймен немесе әнмен жеткізген.Ал мен өз кезегімде еліме деген шексіз махаббатымды осы мақаламмен жеткізгім келеді.Егер бұл мақалам кем дегенде бір адамның жүрегіне жетсе,авторы ретінде менің арманым болмас еді.
Осы мақаланы жазу барысында менің....

Шығармалар
Толық