Аягөз

Аягөз есімінің мағынасы -  екі мағынаны білдіреді,ая және гөз,《ая》сөзінің мағынасы айнала,кеңдік дегенді білдіреді,ал 《гөз》көз,қарау,дене бітім деген мағыналарды білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Алихан

Алихан есімінің мағынасы – араб тілінен енген "ғали" мен хан сөздерінің қосындысынан туған ат. Ғали – "әлидің" синонимі, яғни, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді. 

Есімдер мағынасы
Толық

Көзайым

Көзайым есімінің мағынасы - мағынасы көзінің қарашығындай сақтай отырып,қойылатын есімдердің бірі...

Есімдер мағынасы
Толық

Жомарт

Жомарт есімінің мағынасы – парсының «жавонмәрд» (тура мағынасында – жас жігіт, ауыспалы мағынасында – азамат) деген сөзінен шыққан. Айналасындағы жұртқа шапағаты тиген жомарт жігіт атансын, көңілі кең азамат болсын деген ниетпен қойылатын есім. Ел ішінде жиі кездесетін есімдердің бірі.

Есімдер мағынасы
Толық

Қасым-Жомарт

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ есімінің мағынасы – арабтың «қесм» (бөліп беруші, таратушы) және қазақтың «жомарт» (қолы ашық, мырза, молдық, кеңдік) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Және де бұл жерде парсының «жавон+мәрд» (жас+еркек) сөзінің «жомарт» сөзімен төркіндес екендігін айта кеткен абзал. Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге «қолы ашық, ағайын-туысқа қамқор, қара қылды қақ жарған әділ болсын» деген ниетпен қояды. Түркі жұртында тек қазақтарға ғана тән есім.

Есімдер мағынасы
Толық

Мұқасан

Мұқасан есімінің мағынасы - бұл есімнің мағынасы арабшадан қазақ тіліндегі мағынасы "атақты, мейірімді" деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Адина

Адина есімінің мағынасы, иран тілінен одина – 1) әдеміленген, безенген; 2) жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Бұл есім бізде қыз балаларға ғана қойылады. Ал Иран тілдерінде көбіне ұл балаларға қойылады. Синонимі – Әтина.

Есімдер мағынасы
Толық

Асылым, Асыл

Асылым, асыл есімінің мағынасы – "текті, бекзат". Түп-төркіні осы сөзден шықса керек.
 

Есімдер мағынасы
Толық

Айлин

Айлин есімінің мағынасы – бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады. "Ай нұры" деген мағына береді. 

Есімдер мағынасы
Толық

Інжу

Інжу есімінің мағынасы – араб тілінен – маржан. 

Есімдер мағынасы
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы