Тарих | ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БИСМАРКТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
ХІХ ғасырдың ортасында біртұтас мемлекет құру қажеттілігі туындады. Сондықтан да, Германияның мемлекеттік бірлігіне жету - 1848ж. буржуазиялық-демократиялық революциясының негізгі, басты мақсаты болды. Бірақ буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіліс тапты, оған қарамастан, ол едәуір ірі із қалдырды. Германияның қоғамдық өмірдің барлық салаларында, әсіресе Пруссияда: экономикада, әлеуметтік-саяси өмірінде елеулі өзгерістер болды.
Герман мемлекетінің құрылуының ерекшеліктері Отто фон Бисмарктың саяси қызметімен, биографиясымен тығыз байланысты. Оның аты герман және жалпыеуропалық тарихтың маңызды оқиғаларына тікелей байланысты, ең алдымен, ол өзінің “қан мен темір” атты саясатымен атақты. Германияның бірігуі осы адамның саясаты арқылы жүзеге асты.
Бисмарк – көрнекті дипломат пен үздік қолбасшы, оның қабілеттері “Пруссиялық соғыстар” деп аталатын 1860-70 жылдарды қамтыған кезеңде айқын көрінді. “Темір канцлер” деп аталған Бисмарк өз заманынан озған адам еді.
Бисмарктың өмірі мен қызметі жақсы зерттелген Батыста, ол туралы әр түрлі пікір қалыптасты, оның жеңістері мен жеңілістерінің қарама-қайшы талдаулары жасалды. “Темір канцлер”, “ақ революционер”, Германияны біріктірген адам, ХХ ғасырдың соғыстарына алғышарттар құрған адам, Гитлерге жол салушы – бұның бәрі Бисмарк ....