Күләш Ахметова (Көгілдір кештерінде Көкшетаудың)

Ауаның өзінде де көк шырай қап,
Самал жел көк бояуын төксін ойнап...
Көкшетау!
Көгілдір нұр!
Көкпеңбек көл,
Армысың,
Көгорай бел,
Көкшіл аймақ!
Армысың!
Айдын көлім,
Бурабайым,
Алдымнан шықты-ау қайың,
қарағайың.
Аталар ат шалдырған
алаңқайда
Менің де ізім қалсын,
Аралайын.......
Өлеңдер
Толық

Артур Конан | Дойл Көгілдір жақұт

Рождествоның үшінші күні мерекемен құттықтау үшін Шерлок Холмсқа барғам. Үстіне қызыл халат киіп кушеткада жатыр екен; оң жағында қорқорларына арналған үйкөк тұр, сол жағында мыж-тыжы шыққан бір құшақ таңертеңгілік газет жатыр - бұларды осы жаңа ғана қарап шықса керек. Кушетканың жанында орындық түр, арқалығына әбден ескіріп, байырғы түрін біржола жоғалтқан киіз қалпақ ілініпті. Холмс мұны барынша мұқият зерттеген секілді, өйткені осы арада, орындықтың үстінде, пинцет пен үлкейткіш шыны да жатыр.

— Қолыңыз бос емес пе? Бөгет жасаған жоқпын ба? - дедім.

— О не дегеніңіз, - деді ол - Қайсыбір ізденістерімнің нәтижесін бірлесе талқылауға болатын досымның барына сондай қуаныштымын. Бұл ауыз толтырып айтуға тұрмайтын іс, бірақ таңданарлық әрі тағылым аларлық бірқатар оқиға мынаған, - ол саусағымен қалпақты нұсқады, - тығыз байланысты боп тұр.

Мен креслоға жайғасып, сытырлап жанып жатқан каминге қолымды жылыта бастадым. Аяз күшіне мініп тұрған; терезе әйнегіне қалың мұз қатып, түрлі-түрлі өрнек салып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық

Жәркен Бөдешұлы (Көгілдір көлшік)

Ол қашып келеді...
Артында – қуғыншы...
Алдында – бейтаныс Атамекен...

Үш күн бойы нәр татқан жоқ. Тілі аузына сыймай шөлдеп келеді. Қарбытып асаған қасат қар тамағын қарып, ішегін ұлардай шулатты. Бейбақ бір қырды асқанда алдынан мөлдір көлшік.....
Өлеңдер
Толық