Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......

Ертегілер
Толық

Есірткесіз – өмір тамаша

Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, улайды. Есірткіге уланғандағы   уақытша алдамшы  «рахат» сезімді қайғыдан құтылу жолы деп түсініп, соны қайталағысы кеп тұрады. Осыдан барып есірткіге тәуелділік пайда болады да, адам өзінің есірткінің құрбаны болғанын байқамай да қалады. Есірткінің түріне адам ағзасының ерекшелігіне қарай улану да түрліше....

Шығармалар
Толық

Үш  таңбалы сандарды  баған  түрінде  қосу  және  азайту

Математика пәні

Сабақтың  тақырыбы:  Үш  таңбалы сандарды  баған  түрінде  қосу  және  азайту.

Сабақтың  мақсаты: 100 ден 110-ға дейінгі  сандардың таңбалануын үйрету.

Сабақтың  міндеттері:

Білімділік: Үш  таңбалы сандарды  баған  түрінде  қосу  және  азайту  дағдыларын  қалыптастыру.

Түзете-дамытушылық: Таным, ойлау  қабілеттерін  дамыту.

Ашық сабақтар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Хан қызын алған жарлы

Бұрынғы заманда бір адам бар еді. Мал дегенде жалғыз байталы бар еді. Күн көретін қорегі үшін күнде қақпан құрушы еді, бір суыр алушы еді, соны қорек қылып жатушы еді. Бір күні қақпанын қарайын деп келсе, бір түлкі түсіп қалыпты. Бұрын мұндай жақсы аңды көрмеген байғұс түлкіні көріп бассалады, сонда түлкі сөйлейді: «Ей, бишара, мені қоя бер, сені мен мұратыңа жеткізейін»,—деді. Түлкінің тілін алып қоя берді. Түлкі босанып кетті.

Бұлардың уақытында Қайсар деген патша бар еді. Түлкі соған келіп айтады: «Сенің қызыңды балама айттырам деп, хан Елібай сізге жіберіп еді, сізден жауап алып кел деген еді»,—деді. Хан «беремін» деді. Бір жетіде келіп құда түспек болды. Ханның қолынан уағда қағазын алды да, түлкі кете берді. Бір жеті өткен соң жарлыны ертіп келе жатты. Бұрын жарлы атқа мініп үйренген жоқ екен, түлкі оны байталға мінгізіп үйретеді. Хан мен ауылдың арасында бір өзен бар еді. Түлкі өзеннің өткелінен өтті де, жарлының үстіндегі бар киімін суға тастап, өзін таза шомылдырды да, ханға кетті. Ханға келіп айтты: «Күйеуіңіздің айдап келе жатқан малы суға кетті, үстіндегі киіміне шейін, күйеуіңіз мықтылығынан бір байталдың құйрығынан ұстап сүйреп шықты.....
Ертегілер
Толық

Қала жігітіне алданған ауыл қызы

Мектепті ауылдан бітіріп, үлкен қалаға оқуға түстім. Қалада туысқандарымыз болмағандықтан, пәтер жалдауға тура келді. Пәтерақыны ауылдағы ата-анам ай сайын салып тұрды, ал мен шәкіртақыма күн көріп жаттым. Осындай күндердің бірінде сабақтан келе жатсам, жаныма бір ақ джип тоқтайды. Джиптан сымбатты бір аққұба жігіт басын шығарып: "Қарындас, қайда барасыз? Жеткізіп тастайын" деді таза қазақша. Мұндай көріністі кинодан ғана көрген мен бейбақ не істерімді білмей тұрып қалдым. Өзім қарапайым отбасыдан шыққанмын, бір жағынан өмірімде осындай қымбат көлікке мініп көрейін деп ойладым. Біздің таныстығымыз осылай басталды.

Оның есімі Нұрғожа екен. Алматыда 2 қабатты үлкен коттеджде ата-анасы, қарындасы төртеуі тұратынын айтты. Шынымды айтсам, ертегі әлеміне тап болғандай болдым. Ешқашан мұншалықты бай жігітке жолығам деп ойламаппын. Нұрғожамен кездесуіміз жиілей берді. Ақшаны уыстап ұстайтын десем, артық айтқаным емес. Қазір ойлап қарасам, әр кездесуімізде айтатын сөзі - байлық туралы болыпты. Ауылдан келген қарапайым студент қыздың бәрін саралауға енді ғана ақылы жетіп отырған жайы бар. Аузым ашылып, әңгімесін тыңдай беретінмін. Келе-келе ол мені қатты қадірлейтінін айта бастады. Өйткені оның сөзімен айтсақ, "мен сияқты қыз бүкіл әлемде жоқ". Басты себеп - өздеріңіз де түсініп отырғандай, менің жігіт атаулысымен жақындаспағаным. Ал мен оның тәтті сөздеріне сене бастадым. Оны көрген құрбыларым: "сені пайдаланып кеткісі келіп жүр" дегенде, ешкімге құлақ аспайтынмын. Сол кезде құрбыларым шырылдап, "мені құтқарғысы келген екен-ау" деп қазір ғана ойланамын. Амал қанша, оның әрбір сөзіне құлай сеніп, еш күмән келтірмедім. Оның үстіне ол суреттен ғана көрсететін 2 қабатты зәулім үйде келін боп жүргенім елестегенде, қуанышым қойныма сыймайтын......
Махаббат хикаялары
Толық

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз

Бақыт жолы біліммен табылады...
Ахмет Йүгінеки

Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын......
Шығармалар
Толық

Қазақ-қызымен қазақ

Қазақ қызы -
Қазақтың мақтанышы
Ерлігіне ескерткіш қойылмаған
К.Ахметова

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының болашағы мен тәлім-тәрбиесіне ерекше мән бергені әлімсақтан аян. Сөз жақсысын келістірген хакім Абай:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,-деп өлеңіне өрнек еткен қазақ қызы - иба мен инабатты, сұлу сымбатты бір бойына жинаған көркем жаратылыс. Қайран, қазақтың қыздары –ай... Осылай деуімнің себебі жоқ емес. Нәубетті тарих көшінің сахнасында қыз мұңлықтың тағдыры талай таразыға түсті. Қазақ әйелі, қазақ қызы биязы мінезі, ашық көңілі, жоғары парасат-пайымымен халқымыздың даналығын танытқан ұлт айнасы десек асыра айтпағанымыз. Теңіздей терең түсінігі, ділмәр шешендігі, төл дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтаған беріктігімен Құнанбай, Абайдай алыптарды тәрбиелеген Зере, елім деп еміренген батыр Бауыржанды үш жасынан бауырына салған Қызтумас, Шоқандай шоқжұлдызды өсиет әңгіме, ойлы ертегілерімен білімге, адамгершілікке баулып, жетілдірген Айғаным,аналық мейірімі, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаздығымен ұрпағының ұранына айналған Домалақ анадай ел аналары бұл сөзіме дәлел.
Шығармалар
Толық

Қызықты қысқы демалыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Абай

Иә, шіркін, Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.

Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа шықты.Мен де көптен күткен қызығы мен қуанышы мол қыстың ғажайып ұмытылмас күндеріне жеттім. Нұрын төккен шуақты күндер маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қыс аппақ қарымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.Адамдар жылы киімдерін киіп, далада серуендейді. Балалар далаға шанамен сырғанауға, аққала жасауға шығады. Мен сыртқа шығып, достарыммен қар атысып ойнадым. Содан кейін қардан аққала, қорғандар жасадық.Қысқы ойындар, әдемі жерлердегі серуендер өте керемет болды......
Шығармалар
Толық

Қаздауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилладан бастайын,
Шариғаттан аспайын.
Ішім толды қайғыға,
Азырақ көзім жастайын.
Алаштан озған әкекем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Алатаудай әкеме,
Ажалдың сыны келгені.
Жылағанды не қылсын?
Көздің жасын көрмеді,
Тілеуді Құдай бермеді.
Кешегі жүрген әкекем,
Жоқтаусыз тастар ер ме еді?!
Шаншара біз нәсілінен,
Алтау едік анадан:
Сәдібек, Асан, Бөдене,
Үсен менен Балапан.
Бесеуіне аға боп,
Алашқа әкем қараған.....
Өлеңдер
Толық