Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқару

Кіріспе
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия – табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, обьективті және субьективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану – қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әртүрлі әлеуметтік, кәсіби және басқа да топтарымен өзара байланыста және қарым-қатынаста қарастырады.
Саясаттану – мемлекетті ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғысынан қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық