География | АРКТИКАНЫҢ ЖӘНЕ СУБАРКТИКАНЫ ЕВРОПАЛЫҚ СЕКТОРЫ

Евразияның орасан зор мөлшері оның геологиялық-тектоникалық құрылысы мен орографиясының күрделілігі, мұхиттардың ықпалы, солтустік жарты шардың барлық климаттық белдеулеріндегі орны материктің кеңістіктік дифференциациясың курделендіреді, Солтүстік Мұзды мұхит жағы ашық таулы ішкІ құрлықтық кең жазықтар мен үстірттерде термикалық жағдайлар мен ылғалданудын біртіндеп алмасуы, сонымен бірге, биокомпоненттердің солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттағы өзгерісі жүріп жатады. Онда географиялық қабықтың кеңістіктік дифференциациясында үлкен роль атқаратын зоналық құрылымы өте айқын күйде көрінеді. Қонтиненттің биік таулар қоршаған ішкі бөліктеріндегі (Орталық Азияда) үлкен кеңістіктерде аридтік жағдайлар басым және ендіктегі орнына қарамастан айқын байқалатын зоналық айырмашылықтары жоқ шөлді ландшафтар үстем болады.
Евразияның Атлант жағалауы бөлігінде табиғат жағдайлары мен кеңістіктік дифференциациясы қалыптасуы үшін мұхиттын жақындығының және оның үстінде қалыптасқан ауаның мейлінше жырымдалған құрлықпен өзара әрекетінің мәні айтарлықтай. Европаның батысында солтүстік пен оңтүстіктің арасындағы айырмашылықтар жойылады, зоналық құрылымның мәні дифференциацияның басқа факторларына қарағанда азаяды. Орографияның негізгі элементтерінің ендік бойымен созылып жатуы нәтижесінде Атлантика ықпалы шығысқа қарай сұғьіна еніп, табиғаттың бөлшектенуіңе зор әсерін тигізеді. Геокомплекстердің заңды алмасуы солтүстік-батыстан оңтүстік-ніығыска қарай жүреді, оның үстіне бұл заңдылық көп жырымдалған таулы-жазықты рельефтің әсерімен күрделенеді.
Материктің оңтүстік-батыс белігінде зоналық-климаттық жағ-
дайлар мен тектоникалық құрылыстың салыстырмалы бірегейлігі
құрғақ жердің Жерорта теңізі суларымен терең жырымдалуы және
морфоструктура типтерінін сан алуандығы кеңістіктік бөлшектену
шарты болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық