Экономика | Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.
2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиiмдi iске асыру үшiн 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы әзiрленедi, мұнда өңiрлiк мамандануды күшейту, пайдалылығы жоғары өндiрiстi дамыту, әрi iшкi және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жолымен тиiмдi аграрлық бизнестi дамытуды және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын кеңейтудi мемлекеттiк ынталандыру шаралары көзделедi ....
Курстық жұмыстар
Толық