Қиял-ғажайып ертегі: Елеместің көргендері

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Әкесі өлгесін жетім қалған балалары азып-тозып кетеді. Жетім балалар күн көру тәсілін іздейді. Сонымен балалар бір күні жолға шығады. Жолда келе жатқанда олардың алдынан екі жол кездеседі: біреуі—барса келмес, екіншісі—барса келер. Жетім балалардың ең кішісінің аты Елемес екен. Ағалары Елеместі барса келмеске жібереді де, өздері болса барса келермен кетеді.

Келе жатқан Елеместің алдынан бір көкжал қасқыр кездеседі де Елемеске тап береді. Сонда Елемес қасқырға: «Жегенің ас болсын!»—дейді. Касқыр: «О, достым, бұл менің құлағыма бірінші тиген жылы сөз, бұдан бұрын кез келгендер маған жегенің ас болмасын дейтін еді де, мен оларға ерегесіп тезірек өлтіретін едім. Сондықтан бұл жол барса келмес атанған. Енді мен сенімен дос боламын да, өле-өлгенше саған көмектесемін»,—дейді. Сүйдеп қасқыр кетіп калады. Елемес одан ары жүре береді. Елемес келе жатса, алдынан үлкен бір қала көрінеді. Сол қалаға келіп Елемес ас ішіп, тойынып, адам болады.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Көк сиыр

Баяғыда Әлболсын деген бір қоңырқай шаруа болыпты. Оның әйелі және бір қызы болыпты. Күндердің бірінде Әлболсын тоқал алуды арман етіпті. Әлболсын тоқал алуды, бір жақтан, жұрт көзіне түсу, екінші жақтан, үй тіршілігінде қол ұзарту деп түсінетін болса керек. Күндердің бірінде Әлболсын арманына жетіп тоқал алады. Ол да қыз табады. Өзі ұл таппаған бәйбіше тоқалдың да ұл таппауын тілейді екен. Іштей қуана отырып, ұл таппады деп жазғырып, «әдіре қалсын, күң неме» деп, тоқалды басынып алыпты, оған күн көрсетпепті. Тоқал байғұс арқалап отын, шелектеп су тасыпты, сиырды сауатын да, атты ерттейтін де, жүн түтіп, жіп иіріп, қап тоқитын да сол болыпты. Қыста суыққа тоңып, жазда ыстыққа қарылып, аш-жалаңаш жүріпті. Жаман сырма киіз етігін үсті-үстіне жамап киіп, бақытсыз қызын баспақ теріге орап өсіріпті.

Бәйбішенің қызы Әлболсынның тапқанын киіп, тоқалдың қызы ысытып берген сумен басын жуып, шашын тарап білгенін істепті. Еркелікпен аузына келген сөзді сөйлеп, бәдік және дөрекі болып өсіпті.

Әлболсын осы екі қыздан кейін перзент көрмепті. Күндер өтіп, ай толыпты, айлар өтіп жыл толыпты, жылдан жыл өтіп, екі қыз ержетіпті.

Тоқалдың қызы күң атаныпты. Анасының толып жатқан қиыншылықтарын өз үстіне алып, отын тасып, су әкелетін, ыдыс-аяқ жуатын, сиыр бағатын болыпты.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен досы

Бір сапар Алдар көсеге бір сараң бай келіп, дос болыпты. Сол уақыттағы ханның өте сұлу қызы бар екен, көрем деген адам әрбір көргеніне мың тіллә беріп, көреді екен. Әлгі сараң бай сол ханның қызын көруге көңілі кетіп, досына айтыпты:

– Мені ертіп барып, маған ханның қызын көрсет, – деп. Алдар көсе досына:

– Жақсы, көрсетейін, ол қызды көрген адам әрбір көргеніне мың тіллә беріп көруші еді, мен сізге бір тиынсыз көрсетейін, – депті. Досынан сұрапты:

– Сен маған кәзір екі теңге бер, мен кейін берейін, – депті. Бай:

– Мақұл, кейін берсең, берейін, – деп, екі теңгені беріп, екеуі ханның қызы жаққа келе жатып, жолда бір қой жайып жүрген қойшыға жолығады. Алдар көсе қойшыға айтты:.....
Ертегілер
Толық

Ғажайып түс

Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан...
Ертегілер
Толық

Әлемді өзгерткен жаңалықтар (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақ такырыбы: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Осы сабақта жететін мақсаттар(оқу жоспарына сілтеме): 5.1.3.1 Жариялау, өңдеу, ортақ қалтаға жүктеген файлдарды жүктеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылардын құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақтың тақырыбы: Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.4.2.1 өзгенің жұмысын ұрлау заңсыз екенін негіздеу
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды интернетте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Интернетте жұмыс жасау кезіндегі ыңғайсыз және қауіпті жағдайлардың болуын көрсету. Интернет желісінде болатын қауіпті жағдайларды бағалай алатын дағдысының қалыптасуына ықпал ету.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу? (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу?
Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.1 техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарын сараптау
Сабақ мақсаты: -техника қауіпсізідгі ережелерін бұзу кезінде өзінің денсаулығына зиян салдарын анықтау
- компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолдану.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Компьютердің қандай маңызды құрылғылары бар? (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Компьютердің қандай маңызды құрылғылары бар?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.1.1 қарапайым деңгейде процессордың және қатқыл дискінің қызметін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жүйелік блоктың негізгі компоненттерін білу, процессордың және қатқыл дискінің қызметін түсіндіру......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Салыстыру операторлары 2-сабақ (Информатика, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бағдарламалау (ортақ тақырып: «Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар»)
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру операторлары 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Салыстыру операторларын пайдалану
Сабақ мақсаты: • "Артық", "аз", "тең" өрнектерін пайдалана отырып, нысандарды салыстыру;
• Логикалық өрнектер үшін салыстыру операторларын пайдалану.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Салыстыру операторлары 1-сабақ (Информатика, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бағдарламалау
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру операторлары 1-сабақ
Оқыту мақсаттары: ● Салыстыру операторларын пайдалану
Сабақтың мақсаттары: ● Салыстыру операторын қолданып анимация жасау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық