Керей Тоқсан бидің батасы

Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.

Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.....
Баталар
Толық

Керей мен Жәнібек қандай істерімен халық есінде қалды? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
Сабақ тақырыбы: Керей мен Жәнібек қандай істерімен халық есінде қалды?
Оқу мақсаттары: 7.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау
7.2.3.4 М. Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізген факторлар бойынша диаграмма жасау;
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
Керей мен Жәнібек хандар туралы бейнематериалды көрсетіп, оларға мінездеме құрастырады.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Найман, керейіт пен жалайырлардың орағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 7.2A X – XІІІ ғғ. Қазақстан.
Сабақтың тақырыбы: Найман, керейіт пен жалайырлардың орағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай? 2-сабақ
Оқу мақсаты: 7.3.1.3 X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Ақпараттарды анықтай отырып негізгі сұрақтарға ауызша жіне жазбаша жауапар беру.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Найман, керейіт пен жалайырлардың орағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Найман, керейіт пен жалайырлардың орағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары : X-XIIIғғ мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру .
Сабақ мақсаттары: X-XIIIғғ мемлекеттерді біледі, атайды
Картадан X-XIIIғғ Найман, Керейіт, Жалайыр мемлекеттерін көрсетеді
X-XIIIғғ мемлекеттерді картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіреді.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Наймандар, керейіттер және жалайырлар 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Наймандар, керейіттер және жалайырлар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақстан аумағындағы Х-ХІІІ ғасырлардағы Найман, Керейіт, Жалайыр мемлекеттерінің басқа мемлекеттермен сабақтастығын талдау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Наймандар, керейіттер және жалайырлар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Наймандар, керейіттер және жалайырлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақстан аумағындағы Х-ХІІІ ғасырлардағы Найман, Керейіт, Жалайыр мемлекеттерінің даму ерекшеліктерін талдау
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өмірбаян жазу Қаракерей Қабанбай Қанжығалы Бөгенбай (3 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар.
Сабақ тақырыбы: Өмірбаян жазу. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау.
Сабақ мақсаттары:
– мәтіндегі негізі ойды анықтауды;
– болымды және болымсыз етістіктерді ажырата білуді үйренеді.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдебиет | Қаракерей Қабанбай

Қабанбайдың әкесі Қожағұл өз заманында аты әйгілі батыр болады. Бірақ ертерек дүниеден қайтып, Қабанбай жеті жасында әкеден жетім қалады. Қабанбайдың шын есімі Ерасыл- Оның бітімі кесек, ер тұлғалы болғандықтан, жеңгелері "Нарбала" атапты. Бойының сұқғақтығы сонша, он үш жасар кезінде тайға мінгенде аяғы жерге тиіп жүреді екен.
Ерасылдың ерлігі он үш жасында басталады. Жайылымда жатқан жылқыларын қалмақтар қуыи кеткендіктен, ағасы Есенбай жылқының соңына түсіп қуады. Бірак, қалмақтар жалғыз келе жатқан қуғыншыны алыстан садақпен атып түсіреді. Әкесі де' осылардың қолынан өлген еді. Қайнаған қанды кек оны қаршадайынан ерлікке, жау-гершілікке жетелейді, шайқас жолына ертерек түсуіне себепші болады. Ол көп ұзамай Өлжежырғы, Арсылан секілді қалмақ батырларын өлтіріп, әкесі мен ағасы үшін кек алады.
Түркістанға қауіп төне бастағанын естіген Қабанбай жол-жөнекей қазақ ба-тырларын өзімен бірге ерте сонау Аягөз маңынан Түркістанға келеді. Халық жасақтарын ұйымдастыра бастайды. Олар жоңғарлардын, Түркістаннан бетін қайтарады. Жаудың шапқыншылығы сәл саябырлағанын пайдаланып, Қабанбай барлық жасақтарды Қожа Ахмет Иассауи ғимаратынын, алдына жинап, жалынды сөз сөйлейді. Жұртты елдің тәуелсіздігін сақтап қалу жолын-дағы күреске шақырады. Бұл жасаққа Айшыбек батырды бас-шы етіп қалдырады да, өзі Кіші жүз қазақтарынан қалың қол жинап келуге аттанады.
Ел басына күн туған осынау аласапыран кезде Кіші жүз ханы Әбілқайыр отыз мың, Орта жүздің ханы Сәмеке жиырма мың әскер шығарады. Көпшіліктің қалауы бойынша Қабанбай батыр бас сардар болып сайланады. Енді ол басқыншыларға қарсы жер-жерде, бөлек-бөлек жүріп жатқан шайқастарды бір арнаға түсіріп, белгілі бір мақсатпен жүргізуді қолға алады. Жеке-жеке шайқасып жүрген кейбір жасақтар Қабанбайға ке-ле бастайды. Солардын, бірі Гауһар қыз бастаған топ еді. Ол асқан ерлік жасап, жау қоршауын бұзып шығады. Жаудық соғыс күші, дайындығы туралы жаңа мәліметтер әкеледі. Кейін Қабанбай мен Гауһар қосылады. Көптеген жорықтарға екеуі бірге қатысады. Жоғарыдағыдай әзірліктен кейін 1725 жылғы атақты Алакөл маңындағы шайқаста жоңғарлар қатты жеңіледі.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Керей хан

Шайбани әулетінен шыққан Дәулет – шайхтың баласы Әбілқайыр ханның көк кесене төңірегіндегі шайқаста Үз-Темір Тайшы басқарған ойрат әскерінен ойсырай жеңілуі – Барақ ханнан кейін биліктен айрылған Өріс хан әулеті сұлтандарының бас көтеріп, жеке бөлініп шығуына мүмкіндік туғызады. Осы мүмкіндікті жұрыс пайдаланған Өріс ханның ұрпақтары – Болатұлы Керей мен Барақ ұлы Жәнібек өздеріне қарайтын тайпаларды бастап, Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан жеріне кетеді. Онда оларды Моғолстан ханы Есен-бұға аса құрметпен қабылдап, өз мемлекетінің батыс жағынан Шу бойы мен Қозыбасы өңірін оларға бөліп береді. Осы арада олар жаңа Қазақ хандығының шаңырағын көтереді. Хан тауында Керейді ақ киізге отырғызып, хан көтерді.

Керей хан немере інісі Жәнібекпен біріге отырып, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, шаңырағын биіктету үшін үлкен еңбек сіңіреді. Моғолстан ханымен бірлесіп, ойрат тайпаларына қарсы күреседі.

1468/69 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болып, оның ордасында таққа талас басталады. Осы тақ таласы Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайта оралып, мұндағы күреске белсене араласуларына мүмкіндік береді. Әбілхайырдың ұлы, ханның мирасқоры Шейх-Хайдардың жеңіліп, жақын адамдарымен бірге қырғын табуы – ұлыстағы бар биліктің Керей ханның қолына көшуіне жағдай жасайды. Осы кезден бастап Қазақ хандығы іргелі мемлекетке айналуға бет алды.

Керей ханның есімі 1472-1473 жылдардың тарихи деректерінде Бұрыш оғылан деген сұлтанның Моғолстан ханы Жүністің ордасына жасаған шабуылына байланысты соңғы рет аталады, содан кейін еш жерде кездеспейді. Сондықтан оның қашан және қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтау қиын. Тек кейінгі оқиғалардың даму барысына қарағанда, ол сол 1473 жылдың оқиғаларынан кейін көп ұзамай қайтыс болған секілді.

Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. "Таурих - и гузида -ий Нусратнама" (1268-1270) еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан - Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы.

1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Керей мен Жәнібек

XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті.
Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп нығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді. ....
Рефераттар
Толық