Қазақ әдебиеті | Биболдыұлы Шерубай

Биболдыұлы Шерубай (1693-1812), батыр. Туып-өскен мекені қазіргі Топар кентінің маңы. Орта жүз жеріне қалмақтардың шабуылы кезінде (1721-1730) жылдарына Тоқбура Қарекеұлы жасы алпысқа келіп қалса да ел жиып, жауға қарсы ту көтерген. Шерубай оның қолбасшы батыры болған. Хас батырлығы, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шоқпар Жауғаштыұлы, Шоқпар батыр

Шоқпар Жауғаштыұлы, Шоқпар батыр (шамамен 1691 – өлген жылы белгісіз) - батыр. Шыққан тегі Орта жүз арғын ішінде қаржас руынан. Сүйіндік- қаржас жасағын басқарып, қазақ-жоңғар арасында болған шайқастарда жаудан Баянаул, Желтау, Қызылтау сілемдерін азат еткен. 1756 жылы қашқан жоңғар әскері Баянауыл мен Ертіс аралығындағы Серектас деген тауға тығылып, қатты қарсылық көрсеткен. Шоқпардың ақылымен Олжабай б .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шымыр батыр, Шымыр ата

Шымыр батыр, Шымыр ата (т.-ө. ж. б.) – Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан батыр, әулие. Шежіре деректері бойынша Дулаттың кенже ұлы, шамамен Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы кезінде өмір сүрген. Талас, Шу өзендері өңірлерінде, Ташкент, Сайрамда билік жүргізіп, ұлұғ-бек .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қабанбай Қожақұлұлы

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазыбек бек Тауасарұлы

Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Кейбір мәліметтер бойынша жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеев, т.б. авторлардың пікірлері бойынша .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қайқы Ұзақұлы

Қайқы Ұзақұлы (1845, қазіргі Жалағаш ауданы – 1918, Тереңөзек ауданына қарасты «Қайқы ағашы» деген жер.) – батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қалыбай Тасқұлов

Қалыбай Тасқұлов (15.8. 1922 жылы т., Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Асықата кенті) - 2-дүниежүз. соғысқа қатысушы, барлаушы. Қалыбай 1942 жылдың қаңтарынан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 15 қазанда Днепр өзенінен (Украина, Чернигов облысы Репки ауданы Радуль кентінің маңы) алғашқы өткен десантшы-жауынгерлер тобының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қарасай Алтынайұлы

Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға жөне олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.[1]
Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев

Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев (6.8.1949 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Есберлі ауылы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2001). КСРО ҚҚМ эскери-саяси училищесін (Ленинград, 1974), Мәскеудегі әскери - саяси академияны (1983) бітірген. 1968 жылдан қарулы күштер қатарында. Мәскеу облысындағы ерекше міндет жүктелген бригаданың рота, батальон командирінің .....
Рефераттар
Толық