Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру- үлкен де жауапты іс. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі – іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» курсы басталды. ....
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет. Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады. Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.....
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды. Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі. "Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды. Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады. Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі - кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілгсн кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығаз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туыңдайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері қолданылады. ....
Нарықты зерттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы. Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды. Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан “таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін. Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2,, балама Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түріне тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде “таза” құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын “шығындық емес” деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды. ....
Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы. Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды. ....
Маркетинг ортасы дегеніміз –ол фирманың маркетинг бөлімінің клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оған әсер ететін белсенді субъектілердің және күштнрдің жиынтығы. Маркетинг ортасы келесі түрлерге бөлінеді: макроорта, микроорта, мелиаорта. Макроорта кәсіпорынның әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды (кесте). Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер. Жабдықтаушылар дегеніміз –фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады: ....
Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынас жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдау талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілігін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды бейнелейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестікті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол тауарды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады, бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады.....
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну. Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау. Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $. ....
Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.....
Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар. XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды. Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема. Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған. Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады. Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады. Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. ....