Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы Жеті жарғы

Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.
Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.
Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.
Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді.
1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Әз Тәуке хан Жеті жарғы

Тәуке - қазақ ханы. Жәңгір ханның баласы. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектер - сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке бас билермен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. «Жеті жарғы» орыс тарихында «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ феодалдық құрылыстық үшейтуге бағытталды. Тәукенің хандық өкіметті нығайту әрекетінен нәтиже шықпады, қазақ хандықтары бытырыңқы күйінде қалды. Тәуке енді сыртқы саясатында Россиямен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке жоңғарларға қарсы шығу үшін Росиядан әскери көмек сұрады. Өйткені, 1698 жылдан бастап ойрат және қазақ феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан Рабдан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды.
Әкесі Жәңгір ханнан соң қырық жыл уақыт хандық құрған әз-Тәуке Қазақ мемлекетінің күш-қуатын нығайтып, халық тұрмысын көтерді, сыртқы елдермен байланыс күшейді, басқарудың неғұрлым демократиялық жолдары қолданысқа енді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді көсем тілді, көреген ойлы данагөй шешендермен бірге құрастырған «Жеті жарғыда» атақты Қасым хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң қағидаларына жаңа толықтырулар енгізіліп, бір жүйеге түсірілді.....
Рефераттар
Толық

Жеті жарғы

"Жеті жарғыда" Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден......
Шығармалар
Толық