Өндіріс | Бидай дәні биологиялық жүйе

Кіріспе
Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді.
Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған.
Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қола дәуірі Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады. .....
Рефераттар
Толық

Дәндік жүгері

Халық шаруашылығындағы маңызы. Дүниежүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25%-ы азық-түлік ретінде қолданылады, соның өзінде ол, осымақсатта ең көп пайдаланылатын дақыл болып есептеледі. Жүгері дәнінен ұн, жарма, барлығы 250-ден астам тағам түрлері дайындалады. Кондитер бұйымдарын даярлау үшін оны бидай ұнына қосады, өнеркәсіптік жағдайда жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал, аскорбин және глютамин.......
Рефераттар
Толық