Қазақ әдебиеті | Олжас Сүлейменовтың маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі

Кіріспе.
Көршілес жатқан қабырғалы ел орыс халқының маңдай алды данышпан ұлы Пушкин айтқандай, “аудармашы – мәдениеттің арбакеші” болса, менің ұғымымда, көркем аударма қазіргі таңда халықтар арасындағы достықтың діңгегі, алтын көпірі. Әрине, бұл ретте күн тәртібінен түспей көлденең тартылар мынадай үш мәселенің басы ашық.
Біріншіден, нені аудару керек? Дүние жүзі әдебиетінің алдыңғы қатарлы асыл жауһарларын ғасырлап аударсақ та түбі көрінбес ғаламат туындылар жетерлік. Ал соның барлығының бірдей халқымыздың рухани қажетін өтеуі, ұлттық сана-сезімге сайма-сай келіп, естен кетпестей эстетикалық ләззатқа бөлеуі мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Олай болса, таңдап-талғау, іздеп-іріктеу – аудармашының өріс-өресін танытар өлшем.
Екіншіден, қалай аудару керек? Бұл талай тартыс пен талқыға түсіп, түбегейлі шешімін тапса, қиын түйіні көп келелі мәселе. Көркем аударма – атына лайық та көркем болғаны жөн.
Үшіншіден, кім аудару керек? Күні кешеге дейін аударманы сауын сиырдай көріп, күн көрістің кәсібіне айналдырғандар аз емес. Бір романды немесе жинақты балық үлестіргендей бөліскен кездеріміз әлі де кейін қала қойған жоқ.
Аударма мәселесінің теориялық ой-пікір қадамымыз әжептеуір ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, маңыналы жаңалықтарымен өрістеп келе келе жатқандығын айта отырып, алайда адарма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін біліскеніміз мақұл. Солай болғандықтан да адарма теориясы өзі қамтырлық ауқымы мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Оның үстіне бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ.
Аударма теориясы еліміздегі сан алуан тілдерден орыс тіліне және орыс тілінен көптеген өзге тілдерге аударылудағы ерекше үздік үлгілерді, таңдаулы аудармаларды жобалы, жүйелі түрде зерттеп, парықтап отыру жолына да түсе қойған жоқ. Бұл айтылған күрделі, шешуші және әртүрлі пікірлерге зек боларлық жәйіттер аударма жайындағы ғылымның түбегейлі негізі болмақ.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жоғарыда айтылғандай, жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерінің жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетендеп қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұйқастық нәзік ұтымды тетіктерін, авторының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы-соңды аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Аудармның таңдаулы үлгілерін, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен зерттеулердің болмауы - әдебиеттік теориялық пікірдегі бір зор кемістік деп білу керек. Мұндай күрделі, ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан, аударма теориясы бұл шаққа дейін шала жүйелі, үзінді-қиынды күйде, кейде кенет қана қозғалатын мәселе сынды болып отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық