Физика | Айнымалы жұлдыздар үшін информация мен энтропия қатынасын анықтау

Қазіргі кезде физика ғылымында астрофизикалық зерттеулерге көп көңіл бөлінуде. Астрофизикалық объектілерге әртүрлі ықпал етуші факторлардың әсер етуі салдарынан бейсызық физиканың жаңа әдістерімен астрофизикалық объектілерді, оның ішіндегі айнымалы жұлдыздарды, тұмандықтар мен галактикаларды зерттеу үлкен қызығушылық туғызуда. Уақыт өте келе жұлдыздарды топтастырумен байланысты қиындықтар көбейеді: айнымалылықтың түрлі типтерінің байланысы анықталған және де бір объектінің бірнеше айнымалылық типіне жатқызу қажеттілігі туындайды, себебі олар әр түрлі физикалық себептермен анықталады.
Жұлдыздардың жарқырау қисықтарындағы ақпаратты қолдану эффективтілік деңгейі мен талдау жасау әдістеріне тәуелді. Жұлдыздардың жарқырау қисықтарынан алынатын сигналдарда алмасу мен хаос болғандықтан, олардың физикалық табиғаты жөніндегі жаңа, қызық ақпаратты олардың зерттеуіне қолданылатын бейсызық физика әдістерінен алуға болады. Сонымен қоса, типі дұрыс анықталмаған айнымалы жұлдыздар да кездесіп жатады. Осындай типтері нақты анықталмаған жұлдыздарды зерттеуде бейсызық физика әдісі қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Физикалық процестерді зерттеудің математикалық әдістері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс физиканы орта мектептерде оқыту барысында қолданатын демонстрациялық бағдарламаларды құрастыруға және оның қолдану әдістемесін жасауға арналған.
Заманауи мектептердің компьютерлермен және интерактивті тақталармен толық қамтылуы мұғалім компьютермен жұмыс істеу жағынан психологиялық және кәсіптік дайын болмаса білім беруді өзгеріске алып келмейді.
Қазіргі уақытта есептеу техникасын физикалық зерттеулерде қолданудан үлкен тәжірибе жинақталған, негізгі физикалық мәселелерді шешудің жалпы әдістемелік жолы жасалған, сондайақ жалпы физикамен және теориялық физикамен қатар заманауи физиканың құрамдас бөлігі болатын физика бойынша білім стандартына кіретін жаңа пән-компьютерлік физика пайда болды деп айтуға болады.
Компьютерлік физиканың негізгі зерттеу әдісі - теориялық базасы ретінде математикалық моделдеу, ал эксперименттік базасы ретінде ЭЕМ қызмет ететін компьютерлік эксперимент болып табылады [2].
Компьютерлік модельдеу теориялық физика, сандық талдау және бағдарламалау пәндерін интеграциялайды.
Бүгінгі күнде физиканы оқытуда көптеген маңызды физикалық құбылыстар мен тәжірибелерді, олардың қиындығына байланысты құралдардың көмегімен демонстрациялық түрде көрсете алмайды. Оларды түсіндіру үшін мұғалімнен үлкен “бейнелеу мүмкіндігін” талап етеді. Міне, сондықтанда осы сияқты күрделі процестерді модельдеу үшін компьютерлік бағдарламалар жасау тенденциясы пайда болды [1-7]. Күрделі демонстрациялың компьютерлік модельдері жасалса, мұғалім бастапқы мәндерді алдын-ала дайындап, материалдарды түсіндіру барысында процестің дамуының мүмкін болар варианттарын және оларға сәйкес графиктерді эксперименттік қондырғының компьютердегі моделінің көмегімен көп уақыт жұмсамай-ақ демонстрациялауға болады.
Бұдан бөлек мұндай бағдарламаларды күрделі деңгейлі әр түрлі қосымша тапсырмасы бар практикумдарда қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- демонстрациялық компьютерлік бағдарламаларды жасауға қажетті аналитикалық шешімдерді алу үшін моделі жасалатын физикалық процестерді зерттеу. Сандық әдістер негізінде алгоритмдер құру;
- Алынған шешімдер негізінде демонстрациялық бағдарламалар жасау және лабораториялық жұмыстар құрастыру;
- Құрастырылған лабораториялық жұмыстарды апробациядан өткізу.
Дипломдық жұмыс нәтижелерінің ғылыми жаңалығы:
Жұмыста алғаш рет:
- “Өзара байланысты екі шаманың сызықтық тәуелдлігін моделдеу”, Серіппелі маятниктің тербелісін моделдеу”, “Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістерді моделдеу”, “Альфа-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибелерін моделдеу” тақырыптары бойынша 11-сыныпқа араналған лабораториялық жұмыстар құрастырылды....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Телескоп және оның түрлері мен құрылысы

Кіріспе
Тянь Шань астрономиялық обсерваториясында ФААФИ ЖШС Carl Zeiss Jena Фирмасы жасаған 1-м телескоптың және куполдың автоматтандыру жүйесі жасалды. Жүйенің барлық түйіндерінің басқарылу жүйесі IBM компьютерімен басқарылады. Телескоп экваториалды координаталар жүйесі бойынша қозғалады. Ал телескоптың трубасы центрге қатысты екі координата бойынша (альфа және дельта) жылжиды. Күмбез азимутальды бағыт бойынша жүреді. Осыдан телескоппен күмбездің қозғалысын синхронизациалау туралы есеп пайда болады, телескоптың трубасы дәлме дәл куполдың тесігіне қараған болу керек.
Келесі күрделі инженерлік жұмыс телескоп пен басқа құрылғыларын сыртқы әсерлерден қорғау жұмысы болды. XX ғ. 70 жылдарында құрылымында астрономиялық құралды сыртқы әсерлерден қорғайтын дәстүрлі күмбезді мұнарасы жоқ көптеген телескоптар шыға бастады. Алайда бұндай шешімде пайдалану кезінде үлкен қиындықтар тууы мүмкін – атмосфералық жауын-шашын, жел, шаң-тозаң телескоптың өзін және оның ішінде орнатылған астрофизикалық құралын қатты зақымдауы мүмкін. Құрылғыларды күннің тікелей жарығындағы ыстықтан және жердің көлеңкесіндегі суық салдарынан тұрақты түрде температураның құбылуынан қорғау және телескопты ерекше дәл бағыттау негізгі талаптарды құрайды. Сол себепті қазіргі уақытта телескоптар зерттеулер кезінде ғана ашылатын ойығы бар жабық сфералық күмбезді павильондарда орналастырылады. Сонымен қатар зерттеулер кезінде күмбездік құрылымға телескоп дүрбісі әрқашан ойықтың бағытында болуы үшін, телескоп пен күмбез синхронды қозғалуы тиіс. Күмбез бен телескоптың орнын синхрондау әртүрлі тәсілдермен, кейде қолмен атқарылады. Бірнеше жылдар бойы астромұнара күмбезінің орнын басқаруы телескопты басқару жүйесінің маңызды кемшілігі болып келді. Күмбезді автоматты басқару астрофизикалық зерттеулерді қашықтықтан орындауда, сонымен бірге зерттеу кезінде уақыт шығынын азайту үшін өте маңызды. Мысалы, жиі бағытты бір денеден екіншіге ауыстырғында, сонымен қоса денелер, фон нүктелері, фотометрлік стандарттар араларында күмбезді қолмен жылжыту көп уақыт алады. Сол себепті күмбезді автоматты синхрондау жүйесін әзірлеу күмбез телескопының астрофизикалық кешенді автоматтандыруда маңызды бөлім болып саналады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Орта мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың пәнге қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді.
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады».
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
1) Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.
2) Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.
3) Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.
4) Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
5) Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің
қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды
таңдауға мүмкіндік береді.
Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.
Физикаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.
Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі

КІРІСПЕ
Көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін, оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын, оқытуга арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әртүрлі нұсқаларын әзірлеу әрбір оқытушының негізгі жұмысы болып табылады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Электрондық оқулық көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне -байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі-электрондық оқулыктар дайында болып отыр. Ал оларды оқыту процесіне қолдану-сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Себебі тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Электрондық оқу материалдарын әрбір оқытушының, тіпті болашақ мұғалім-бүгінгі студенттің дайындай білгені жөн.
Сондықтан біз осы мәселелерді ескер— отырып, курстық жұмысымыздың тақырыбын «Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі» деп алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Физика сабақтарында «Жылу құбылыстары» тақырыбына әдістеме жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы