Бөпешім менің ұға ма?(Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!

Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп-тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның
Сақылдап сен де күлерсің,
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды-артыңды білерсің.
Әлди, балам, әлди-ай,
Апаң айтқан ән-күй-ай......
Өлеңдер
Толық

Бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Бөпем, әсем басып, ахау, бұлаңдаған,
Аққудай көлде жүзіп, ай, сылаңдаған.
Көлбеңдеп көз алдыма, ахау, әй-әй, Бөпем,
Келбетің сәуле шашып, тұрау маған.

А-хоу,
Бөпем, Бөпем,
Жаным еркем,
Жан сәулем,
Дидарыңды-ай
Көрер ме екем-ай?.......
Өлеңдер
Толық

Ақбөпе /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бес кепені жағалай бес үй отыр,
Ақбөпе жоқ ішінде несіне отыр.
Мал бергені барады алып кетіп,
Кедейшілік қолымды кесіп отыр.
Ақа, Ақбөпе, мұны тыңда.

Айтып жүрген баяғы шының кәне,
Тыңдап жүрген баяғы жырың қане.
Ақбөпенің дертінен шыдай алмай,
Сауытбектің зарланып салған әні.
Ақау, Ақбөпе-ау, оу, оу, оу.....
Өлеңдер
Толық

Ай-Ай, бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ауылым көшіп барады алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ата-анамның хабарын алмағалы.

[Қайырмасы]
Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!....
Өлеңдер
Толық

Бөпелерді сілкімеңдер

☝ Бөпелерді қатты тербету, оларды мүгедек ете алатынындай, өлтіріп қоюы да әбден мүмкін. Қатты тербету арқылы басын ана жаққа бір, мына жаққа бір қатты шайқаған кезде мидың жасушалары жыртылуы мүмкін. Бөпелердің иықтағы бұлшық еттері өте әлсіз болғандықтан, денелерімен салыстырғанда ауыр болған бастарын бақылай алмайды. Балаға зиян келтіретін әрекеттерден кейбірлері мыналар:

● Ауаға лақтырып қағып алу.
● Иыққа отырғызып секіру.
● Зырылдауық сияқты айналдыру.
● Төсек және диван үстіне лақтыру. ......
Кеңестер
Толық

Бөпе

Балалардың бәрінің
Бөпесі бар үйінде
Ал мен болсам әлі күн
Жүрмін жалғыз күйімде.
Қыңқылдадым тәтеме,
Бөпе сатып ал дедім.
Сосын келіп әкеме
Дүкендерге бар дедім.
Тақпақтар
Толық

Айбөпе Қарашева (1991 жылы 17 шілде)

Айбөпе Қарашева (17 шілде 1991 жыл, Тараз, Қазақстан) — Aiboo лақап есімімен танымал қазақстандық әнші. Индиго тобының экс-солисті.
Өмірбаяны
Айбөпе 1991 жылдыңы 17 шілдесінде Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын эстрадалық өнер мамандығы бойынша тәмамдаған (2008-20012). Халықаралық және республикалық деңгейдегі музыкалық байқаулар жеңімпазы.
Шығармашылығы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бесік жыры

Бесік жыры – ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі. Баланы тербетіп отырып айтылатын осынау керемет жырдың тәрбиелік, тағылымдық мағынасы зор. Әдемі әуеннің астарында жас баланың дені сау, адал, өнерлі, еңбексүйгіш, еліне қорған болатын азамат болып ер жетсе екен деген ізгі тілек бар. Ананың жырмен жеткізген ізгі тілегін тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өсері анық. Сондықтан да әрбір ана өз баласына әсерлі әуен, сырлы сөзбен айтылатын бесік жырын міндетті түрде айтуы абзал. Бесік жырыны көптеген түрлері бар. Біз сіздерге жырдың көпшілікке белгілі деген бірнеше нұсқасын ұсынбақпыз.
Өлеңдер
Толық