Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады

Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.

Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?

Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.

Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет. ......
Кеңестер
Толық

50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

Қара зере (черный тмин) — ерекше емдік қасиеті бар өсімдік.
Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.
Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды. ......
Кеңестер
Толық

Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады

Мұндай қолайсыз жағдайға тап болған жан араларыңыздан міндетті түрде табыларына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, қоғамдық орындарда киіміне сағыз жабыстырып алып, одан қалай «құтылудың» жолын таппай жататындар көп кездеседі. Ендеше, киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік.
Жалпы, сағызды киімнен тазалау үшін ол киімнің материалына, түр-түсіне, сапасына аса мән берген жөн. Мысалы, түсі оңып кететін маталарға сағыз жабысқан жағдайда ацетон немесе спирт, сондай-ақ ыстық суды да қолданбаған жөн.
Тоңазытқышқа салу
Ең оңай, әрі тиімді тәсіл сағыз жабысқан киімді полиэтилен қапқа (пакет) салып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қою. Осы уақыт ішінде сағыз қатып, өзі түсіп қалады. ......
Кеңестер
Толық

Экономика | ҚР – ның Еңбек рыногының болашағы

Кіріспе
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «рынок» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ.
Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады
Сана мен дене бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адам мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады.
Сондай әдістердің бірі – саусақтарды зерттеу. Британиялық ғалымдар бұл тақырыпты зерделеп, мынадай қызықты фактілерді анықтады.
Екінші және төртінші саусақтардың ұзындығына назар аударыңыз:

А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар – батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Олар – ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, табысты адаммен жұп құрауға мүмкіндігі мол екенін айтуға болады.

В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі. ......
Кеңестер
Толық

Дертті тілге қарап анықтауға болады

✅ Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді. Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:

✅ Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.

✅ Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.

✅ Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.......
Кеңестер
Толық

Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады

Босанған келіншектер кешегі қыз күніндегі әдемі мүсінін жоғалтқандарына қатты уайымдап жатады. Тезірек арықтап, қалпына келуі үшін артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастайды. Бірақ түрлі диеталар, дәріханаларда сатылатын арықтататын дәрілер мен шайлардан көп жағдайда оң нәтиже болмай, тіпті кері әсерлері де тиіп жататыны өтірік емес немесе ойдағы межеге жету үшін олардың кейбіреуін айлап ішу де қажет.
Сондықтан да арықтағысы келетін жандар, әсіресе, босанғандарына көп бола қоймаған келіншектер мұндай диетелар мен дәрі-дәрмектен аулақ болғандары жөн. Өйткені босанғаннан кейін әлі толықтай орнына келе қоймаған олардың организмдеріне бұл дәрілер мен диеталардан төнер қауіп көп. Ендеше, қауіпсіз арықтаудың бірнеше жолымен танысыңыздар.......
Кеңестер
Толық

Шашты қалай тез өсіруге болады 12 кеңес

Негізгі бет > Ана әлемі

Шашты қалай өсіруге болады

Erketai / Май.15.2015. / 7 пікір
Шашты қалай тез өсіруге болады 12-кеңес.

1. Шаштараздың қызметінен бас тартыңыз бірақ, шаштың ұштарын үш ай сайын реттеп отыруға болады.

2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз, тарақ табиғи материалдан жасалғаны дұрыс(мысалы ағаштан немесе пластмассадан) тек темір болмауы тиіс.

3. Күніне екі рет (жиірек) шаштың шатасып қалған тұстарын басыңызды еңкейтіп тарап тұрыңыз бұл бір жағынан бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж болады.......
Кеңестер
Толық

Көзілдіріктің сапасын қалай анықтауға болады

Жаз шыға күннен қорғайтын көзілдіріктер сатып ала бастаймыз. Өзімізге жарасатынын, сәнді көрінетінін таңдаймыз. Осыларды басты назарға алып, оның сапасын, көзге әсерін ұмытып кетіп жатамыз.

Көзілдірік сіздің сұлулығыңызды айқындап қана қоймай, көзіңізді күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелерден де қорғайды. Сондықтан да оның сапасына баса мән берген жөн.

Көзәйнек таңдағанда оның неден жасалғанына мән беріңіз. Себебі әдемілік пен стильден бұрын, денсаулық қымбат. Көлемі өте кішкентай көзәйнектер сәнді көрінгенімен, көзге зиян. Себебі оның күннен қорғау мүмкіндігі өте төмен.

Көзді күннен қорғайтын көзілдірітер шыныдан емес, пластиктен жасалып, арнайы линзалар мен қаптауыштардан қапталғаны дұрыс. Себебі мұндай көзілдіріктер ыңғайлы, әрі жеңіл болады. Ал олардың сапасын сіз тек тағып көріп қана біле аласыз. ......
Кеңестер
Толық

Қасты қалай өсіруге болады

Қас талшықтарын нығайтып өсіруге арналған май қосындылары:

кастор, зәйтүн, камфор майларын араластырып, қасқа жағып, 15 минут бойы күтіңіз. Кейін құрғақ мақтамен майды сүртіп алыңыз.

Қастың өсуі үшін:

вазелин майы, балауыз және кастор майының 5 тамшысын араластырып қасқа жағу керек. Осы майды аптасына 2 рет жағыңыз.Шабдалы дәнінен алынған май қасты қатайтып өсіре алады. Ол үшін майды жылытып, 15 минутқа жағып қойған дұрыс.

Осылай үнемі күтім жасасаңыз қасыңыздың қалыңдап, әдемілене бастағанына көз жеткізесіз.......
Кеңестер
Толық