Премьер-министр Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмеуді талап етті

Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов алдағы бір жарым айда Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды.

Ресейден қажетті көлемде ашық түсті жағармай түрлерін тасымалдау мәселесіне тоқталған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "Аи-92 маркалы бензин тиісті көлемді өндірілмегендіктен, мұнайдың осы өнім түрі сырттан жеткізілетінін баяндады.

"Бүгінде республикадағы мұнай-газ базаларында Аи-92 маркалы бензиннің қоры 244 мың тонна, Аи-80 бензині 86 мың тонна, сондай-ақ дизель отын көлемі 300 мың тоннаға жуық. Егер біз бағаны өсірмесек, бұл жағармай көлемі 45 күнге жетіп қалады", - деді министр.

Осыған байланысты Ұзақбай Қарабалин АИ-92 бензиніне бағаны ұстап тұрғанымен, оның қоры таусылғаннан кейін осы маркалы жағармайдың тапшылығы туындайтындығын жеткізді.

Өз кезегіндеҮкімет басшысы министрлік Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе 1,5 айдың ішінде қор таусылғанша АИ-92 бензиніне бағаны өсірмеу үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Бұл тұрғыда Серік Ахметов жағармай құю стансаларында баға негізсіз көтерілген жағдайда олар тиісті жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
Толық