Димаш Құдайберген жаңа клипінің тұсауын бүгін кеспек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.
Қазақстаннан шыққан әлемдік жұлдыздың су жаңа бейнебаяны 1 мамыр күні астана уақытымен сағат 20:00-де әншінің YouTube арнасынан көрерменге жол тартпақ.
Кез-келген адамның өмірінде махаббат атты киелі сезім бір оралары хақ. Мұны әркім әрқилы ұғынары және бар. Сұлулығы көздің жауын алған, сымбаты жүрек сыздатар жаныңды қоярға жер тапқызбас нәркезкөз аруларды шыққыр көзін шалғанда, қандай күй кешесін?! Бармақ тістеп, ойыңды астан-кестен етеді-ақ. Жә, бұл жай әләуләйім ғой... Бәрінен бастан кешкен, өзің куә болған Азат пен Айдананың арасындағы хикаяны сөз етіп көрейік. Жаздың жаңа ғана ыстық үрлер уағы. Бірнеше күн шойын жол шиқылы миды жеген солдат вагонынан құтылар сәтке сәл ғана уақыт қалған. Туған жер! О, неткен ыстықсың. Неткен ғажапсың?! Сенің құшағында жүргенде біз мұңдар сезінбеппіз ау! < br /> Вагоннан поезд тоқтар-тоқтамастан секіріп түстім. Жерді құшақтап, аймалап, қайраң анашымның құшағында тұрғандаймын. Айналамда не болып жатқаныммен шаруа жоқ. Екі жылғы сағыныш, наз, күйініш, жапа бәрі-бәрі тізбектеліп, көңіл таспасынан жылдамдатқан түрде өтіп жатты. Әсіресе батыстық ұлтшылдықтың, қорлаушылықтың шеменді сәттері оған қарсыласқан менің қылығым өзекті өртеп, көзімнен жас болып парлап жатты...көзімді сүртіп, басымды көтерсем, әкем Айдар, інім Данияр тұр ектелеп. Ұшып тұрып әкемнің апайтөс құшағына қойдым да кеттім. Бұрын менен еңселі, қақпақ жауырын әкем еңкіштеніп қалған сыңайлы. Сағыныш мауқымызды басып, жөн-жоба сұрастық. Әкемнің көк “Жигулисімен” әп-сәтте үйге де жеттік. Біздің көк шатырлы үйдің маңы нөпір адамдар. Ауыл адамдары. Бәрі менің әскерден келген салтанатыма жиналыпты. - Пәлі, Айдар мен Күләш ақ түйенің қарнын жарар. Бүгін жасамаған той енді қашан жасалар. Өзі еңгезердей, аптал азамат болыпты. Әке-шеше тілеуі осындай-ақ болар......
Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады......
Айдие Айдарбеков - Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты Шығармашылығын кітап жазудан бастап, сценарий жазумен сабақтаған Айдие Айдарбеков қазіргі уақытта бағын кино саласында сынап жүр. Күні кеше кішкентай ауылдан шыққан программист жігіт, бұл күнде киноиндустрияның жүрегі орналасқан "HOLLYWOOD" төбешігінде тұрып, Нью-Йорк киноөнері академиясының "Кино. Режиссура. Телевизия" мамандығы бойынша магистратурада білім алады. Оның ең үлкен арманы бүкіл әлем қызығатын сапалы қазақстандық кино жасау. Туған жерінен жырақта жүрсе де еліміздің кино саласының дамуына үлесін қосуда тынымсыз еңбек етіп жүрген, арманы асқақ отандасымыз - Айдие Айдарбеков. Айдие 1992 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысында дүниеге келіп, Ақмола облысында, Жақсы ауданында өскен. Қарапайым ауылдың баласы 18 жасқа дейін туған ауылынан шет шықпаған. Ал шетелде небәрі 2 жыл бұрын ғана болып көрген екен. Өзінің шығармашылық адам екендігін біле тұра, ата-анасының қалауымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіби білім» факультетіне түсіп, бакалавр, одан кейін магистратураны аяқтап, техникалық ғылымдар магистрі атанған....
Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.
Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған.....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сабақ тақырыбы: Ат -ер қанаты «Атқа міндім» Қастек Баянбай Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды Көпшілік оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды Кейбір оқушылар: шығарма кейіпкеріне хат жазады.....