Міржақып Дулатұлы (Бүркіт кегі (баллада))

Қыран бүркіт бір күні
Алып қызыл түлкіні,
Масаттанып қайтып ед,
Иесі бастап әңгіме
Жиналған жұрттын, бәріне
Жыр ғып кешке айтып ед.
Қасына кімдер ергенін,
Түлкіні қалай көргенін,
Өзекпен сұмның зытқанын,
Томағасын сыпырып,
Алғанда қыран құлпырып,
Шарықтап көкке шыққаңың.....
Өлеңдер
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні (Балабақша | Алғашқы қоңырау)

Тақырыбы: Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 - 6 бала қалады:
1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!....
3 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
4 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.........
5 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау | Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр)

Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы,
Алтынсарин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы



Жүргізуші:
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар !
Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз !
Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз . Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық - бір ел- бір тағдыр» атты
салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Қазақстан Республикасының Туы.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қадыр Мырза Али (Көп балалы үй)

Өсекшінің қысқармаған штаты,
Ол келеді сөздің отын тұтатып.
Екі сұлу бірін-бірі кекетіп,
Екі мықты бірін-бірі мұқатып.
Құпиясын біле алмадым мен тектің,
Біреулер тер,
Ал біреулер қан төкті......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Даналық пен балалық)

Сәуір ғажап,
Сәуірдегі гүл ғажап.
Сыбыр-сыбыр,
Күбір-күбір жылға жақ.
Жасыл көктем,
Сары күзден жаралған
Әрі бала,
Әрі дана бұл қазақ.
Күз алдында
Көктем біраз именген,
Именген де,
Келін болып үйге енген. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Комсомол билеті туралы баллада)

Күркіреген найзағайдың отындай
От тастады түнде келіп жау көктен.
Жас Мария маралдың жас лағындай,
Ыршып түсті үрейлене төсектен.
Жана қалды лаулап үйі сол оттан,
Өрді жалын қаптаған кеп жыландай.
Үрейлі шу шықты дауыс зар қаққан,
Үйдің іші көз түрткісіз тұмандай.
Қашып жатыр лапылдаған сол үйден,
Үйдегілер от қамшымен қуылып.
Безген бәрі дүние түгіл киімнен,
Денелерін шарпып жалын қуырып. .....
Өлеңдер
Толық