Ортаңғы таптың қоғамдағы маңызы

Ортаңғы тап. Осы терминмен АҚШ-ты сипаттасақ жөн болар. Шынында да, көптеген ғалымдар таптық стратификацияның принциптері түгелдей дерлік жүзеге асқан мемлекетке мысал келтірсе, бірінші орында АҚШ-тың болуы айдай анық. Егер Еуропада XX ғасырдың басына қарай сословиелік бірлестіктердің қалдығы қалса, АҚШ-та таптық қоғамның пайда болуы жаңа парақтан басталған болатын. Өйткені бұл мемлекетті әр елден келген эмигранттар құраған болатын, олар өздерімен бірге ақшаны, үй заттарын, білім мен ғылымды, тіпті дәстүрін әкелсе де, стратификация жүйесін әкеле алмаған еді. Олар жаңадан пайда болды.
Ортаңғы тап деп- жоғарғы және төменгі орын алатын қоғамдағы статустық позицияны айтамыз. Көп жағдайда, осы тап социалдық таптың ең көбін құрайды, қоғамдағы реттеуші және мамандандырылған жұмыс күшін береді. ....
Рефераттар
Толық

Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы негізгі жолдары

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Өткен 2003 жылы Қазақстан территориясында көктем-жаз ауа райының құрғақтылығына байланысты ормандардың жану салдарынан 8 млн 842 мың тенге шығын түскен. От жалынына 5195 га жер баулыса, оның 2748 га орман алып отыр. Қазақстан территориясында орман алқаптарының көп еместігін ескерсек, республикаға бұл біршама шығын түсірді.
Болған өрттердің мәліметтерін жинақтасақ, көп жағдайда ауа райының салдарынан өрт болғанын және өртті сөндіруге қарсы дайындықтың жоқтығы не әлсіздігі, оны алдын ала ескеру жұмыстарының нашар жүргізілуі және жанар-май жоқтығы көзге түсті.
Қаржының жеткілікті түрде бөлінбеудің салдарынын өрт сөндіру техникасы навшар жағдайда, орман шаруашылығындағы құралдар мен қосалқы бөлшектер соңғы 5 жылда алмастырылмаған, авиациялық қадағалаудың жоқтығынан уақытылы өртті байқау мен
Тақырыптың мақсаты.
 Орман ресурстарын сипаттау
 Орман ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету
 Қазақстан мен шетел орман алқабын белгілеу және салыстыру
 Ормандардың экологиялық маңызы
 Ормандардың көміртегіне қатысты кызметі.
 Ормандардың ауа тазартудагы қызметі.
 Антропогенді қысым жағдайында ормандардын турактылығын сақтау мәселесіне назар аудару
 Ормандарға рекреациялык қысымнын әсері
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Қазіргі таңда бұл тақырып зерттеуді талап етеді. Қазақстан Республикасында орман қорының азаюыына байланысты оны қорғау мен тиімді пайдалану жолдарын белгілеп, оны жүзеге асыруды қолғау алу керек, сол себепті бұл тақырып жан-жақты зерттелуі аса маңызды.
Методологиялық негіз
Бұл тақырыпты орындау барысында мына әдістер қолданылды:
- зерттеу
- талдау
- салыстыру
Жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Рефераттар
Толық

Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының дәстүрлі нысаны деп айтуға болады. Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстық процестің сот өндірісі стадиясында да қысқартылады (195,269,282,307,324,418,467-баптың 4-бөлігінің 6-тармақшасы, 477-баптың 2-бөлігі).
Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет оның негізінде орын алған факті мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын дәлелдей алмайтын болса іс қысқартылмайды.
Л.М.Володина, А.Я.Дубинский, З.З.Зинатуллин сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқартқан органның істі тергеуге байланысты құқықтары жойылады. Бұл жағдайда алдын ала тергеуде өндіріс бойынша іс қысқартылады.
Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті алдын ала тергеуде қысқартудың қорытынды шешімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 35- тармақшасында қорытынды шешімге байланысты түсінік берілген. «Қорытынды шешім» - қылмыстық процесті жүргізуші органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ түпкілікті болмаса да істі мәні бойынша шешетін әртүрлі шешімдері.
П.М. Давыдов, А.Д. Донценко, И.Я. Дюряшин, Б.Қ. Төлеубекова қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту – шешімнің болуын көрсетеді. Е.А. Челышев мұндай шешімді басқарушы акті деп қарастырады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | ҚР Ақпараттық ресурстарды қорғау туралы заңдары

Осы Заң ақпараттандыру саласындағы қатынастарды, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді дамыту мен қорғауды реттейді, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік органдардың құдыретін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
2) ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделілігін туғызатын электрондық жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базалары);
3) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор - мемлекет бірден-бір қатысушысы болып табылатын, мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді және оларды қалыптастыруды, дамытуды және сүйемелдеуді ұйымдық-техникалық жағынан қолдауды жүзеге асыратын ұйым;
5) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желілердің және оларды бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;
6) ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөніндегі заңсыз іс-әрекетті қоса алғанда, ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені;
7) ақпараттық процестер - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты жасау, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, беру, пайдалану және тарату процестері;
8) ақпараттық қызметтер көрсету - пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді беру жөніндегі қызмет;
9) ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық қызметтер көрсетуді пайдаланушы - ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен немесе тараптардың келісімі бойынша пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
10) ақпараттық жүйелерді иеленуші - ақпараттық жүйелерге меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
11) ақпараттық ресурстарды иеленуші - ақпараттық ресурстарға меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
12) жасырын мәліметтер - мемлекеттік құпияларды құрамайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе тараптардың келісіміне сәйкес қол жеткізу шектелген ақпарат;
13) құжатталған ақпарат - материалдық жеткізушіде өзін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін реквизиттермен қоса тіркелген ақпарат. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқық және заң Мұрагерлік құқық

Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелердің жиынтығы.
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағыныда қолданылады. Біріншіден «құқық» ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері бар. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берілген құқықтық мүмкіндіктері.
Екіншіден, «құқық» – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар:
1) Әлеуметтік нормалар
2) Техникалық нормалар
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құрамына айналады.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
• құқық нормасы
• моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттық, парасаттылық, адамгершілік, т.б. қасиеттері.
• саяси нормалар
• эстетикалық нормалар
• қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары
• әдет-ғұрып нормалары
• салт-дәстүр нормалары
• діни, имандылық, инабаттылық нормалары ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық тәртіп Құқық бұзушылық Және заң алдындағы жауаптылық

Заңдылықты нақты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын құқық тәртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пәрменділігінің маңызды көрсеткіші. Әртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлық құқық тәртібінің мазмұнын айқындайды, құқық тәртібін жасайды.
Ең алдымен құқық тәртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатын кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тәртіптің ұйтқысы ретінде құқық тәртібін тек заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы құқық тәртібін нығайтуға жеткізуге тиіс.
Құқық тәртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жәрдемдеседі. Құқық тәртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады.

Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің кез келгенін құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана құқық бұзушылық болады. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық тұрғысынан құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР

Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса күрделі категорияларына жатады. Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз объективтік даму процесінде болады. Бұл процесте қоғамның мазмұны өзгерсе, соған сәйкес құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның тарихи даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық базисына байланысты. Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады – деп түсіндіреді марксизм. Құқықтың заңды типологиясы қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің таптық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Қоғамды ақпараттаңдыру

Қоғамды ақпараттаңдыру деп басқарудың және ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерінде (БАӨКЖ) қолданылатын классификациялау мен техника-экономикалық ақпаратты кодтаудың, құжаттаудың унификацияланған жүйелерінің және ақпараттар массивінің бірыңғай жүйесінің жиынтығын айтамыз.
БАӨКЖ қоғамды ақпараттаңдырусы мәліметтердің, мәліметтерді сипаттау тілдерінің, ақпараттық массивтерді өңдеудің программалық құрылғыларының, сондай-ақ оларды ұйымдастыру, сақтау, жинақтау әдістерінің жиынтығы болып табылады. Осы орайда, қолданушыға жүйенің функционалды есептерін және анықтамалық ақпаратын шешу процессінде барлық керекті ақпарат шығысы Қоғамды ақпараттаңдырусыз етіледі.
БАӨКЖ – де жүйенің толығымен тиімділігі мәліметтерді ұйымдастыру мәселелерін тиімді шешуінен туындайды. Бірақ, жүйенің күрделілігіне, жүйеде шешілетін есептер санының өсуіне, техникалық және программалық құрылғылардың жетілуіне байланысты жүйеде мәліметтерді ұйымдастыру мәселесі күрделіне түседі.
Мәліметтерді формалды сипаттау әдістері мен құрылғыларының жиынтығы, программалық құрылғылар, мәліметтер массивтерін құрастыру мен іске асырудың ұйымдастырылған принциптері Қоғамды ақпараттаңдыруны (АҚ) құрайды. АҚ құрамына:
- БАӨКЖ функционалды көмекші жүйелерінде (подсистемы) есептер жиынтығын шешуде қолданылатын ақпарат құрамы, яғни ақпараттық бірліктер (хабарламалар) тізімі;
- ақпарат құрылымы және оны түрлендіру заңдылықтары, яғни хабарламаны «кіріс-жүйе-шығыс» тізбегі түріне түрлендіру ережелері;
- ақпарат қозғалысының сипаттамалары, яғни ақпараттық ағындар көлемінің және интенсивтілігінің сапалық бағалары, құжаттар маршруттары, құжаталмасу сұлбалары, хабарламаларды түрлендірудің ықтималдық-уақыттық сипаттамалары;
- ақпаратты түрлендіру әдістері, оның құрамына іріктеуді, есептер жиынтығын және функционалды АБЖ-нің ерекше есептерін ақпаратпен Қоғамды ақпараттаңдырусыздандыратын сұлбалар жатады.
Толығымен қарастырғанда, БАӨКЖ АҚ функционалды, құрылымды, трансформаторлы және методологиялық аспектілермен сипатталуы мүмкін.
Функционалды аспект. АҚ сипаттаудың функционалды аспектісі БАӨКЖ әртүрлі есептерін шешуде ереулі орын алады. АҚ келесідей функцияларын ажыратады: аңду (функция слежения), өңдеу жадысы және ақпаратты үйлестіру (распределение). Аңду функциясы объектіні басқару үшін іріктеу, ақпаратты қабылдау және жіберу қызметтерін атқарады. Аңду тұрақты, периодты, оперативті, кешігулі, болжаулы болуы мүмкін. Жады функциясы жүйеде ақпаратты сақтау, іріктеу, сорттау, орналастыру, жаңарту, іздестіру және ақпаратты ұсыну қызметтерін атқарады. Өңдеу функциясы ақпаратты логикалық түрлендіру қызметімен, ал үйлестіру функциясы басқару иерархиясы деңгейлері бойынша ақпаратты жеткізу қызметімен қамтылған. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қаңлылар

Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Усун, Янцай, Кангюй мемлекеттер қалыптасты. Соңғысы Қазақстан тарихында ереулі рөл атқарады. Тарихынаманың ауқымды болғанына қарамастан, кангюйлердің зерттелуі әлі де қанағаттандырылмайды. Оның үстіне деректер үзік-созық және қарама-қайшы, мұның өзі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фулю, Юйни, Цзу, Юйцзнь, сияқты бес «Шағын иелік» бағынды. «Кангюй» бұл Қытай жазбаларында осылай аталған қаңлы мемлекеті. Қытайдың тарихи храникалары деректерінің ерекшелігі мынадай: тек соларға қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің (Сусе, Фулю, Юйни, Юйцзнь) қалай орналасқаны және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Алайда, жазбаша деректемелер тобын едәуір кеңейтпейінше және оларды түсіндірмей, археология деректерін қарастырмайынша, тегінде, тарихи-саяси, этникалық мәселелерді шешу мүмкін емес. ....
Рефераттар
Толық